Page 242 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 242
Шөл экожүйесіндегі компоненттер арасындағы байланыс.
Экологиялық жүйені оқып-үйренген кезде, тірі ағзаларға қатысы
бар байланыстар қарастырылады (142-сурет). Шөл экожүйесін де гі
ағзалар арасындағы байланысты қарастырамыз. Экожүйенің негіз гі
өсімдігі – жантақ. Жантақ бейорганикалық заттарды органикалық
заттарға айналдырады. Олар – өндіруші ағзалар (продуцентт ер ).
Дайын органикалық заттарды жейтін жануар – түйе. Бұл ағзалар –
тұтынушылар (консументтер).