Page 238 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 238

Атмосфералық  қысым  төмендеген  кезде,  артериялық
        қысымы  төмен  адамдар  (гипотониктер)  не  істеуі  керек?
        Жақсылап  ұйықтау,  ыстық  және  суық  душ  қабылдап  тұру,  сұйықты
        көбірек  ішу,  шынығу,  таңертең  бір  кесе  кофе  немесе  қою  қара  шай
        ішу  керек.
            Антициклонның әсері. Бұл  кезде  гипертониктердің  көңіл  күй і
        бұзылады.  Ауа  қысымы  жоғарлағанда,  жоғары  қан  қысымы  бар
        адамдарда  келесі  белгілер  байқалады:  артериялық  қан  қысым ы
        көтеріледі,  жүректің  соғуы  жиілейді,  бүкіл  денеде  әлсіздік  пайда
        болады,  бет  әлпеті  қызарады,  бас  ауырып,  құлақ  шыңылдайды,  көзі
        қарауытады,  бастың  тамыр  соғуы  сезіледі.
            Атмосфералық қысым жоғарылаған кезде, артериялық қан
        қысымы (гипертониктер) жоғары адамдар не істеу керек? Ан-
        тициклон  жоғары  және  ыстық  ауа  райында  инфаркт  және  инсул ьт
        алу  жиілейді.  Бұл  кезде  адам  өзіне  физикалық  күш  түсірм ей,
        көбірек  демалып,  ыстық  және  суық  (контрасты)  душты  көбірек
        қабылдап,  құнарлығы  аз  диетаға  отырып  (жеміс-жидек),  суды
        көбірек  ішіп,  салқындау  бөлмеде
        жүріп-тұруы  керек.
            Атмосфералық  қысым,  теңіз  дең-
        гейінен  орналасқан  биіктігіне  бай-
        ланысты  өзгереді.  5800  метр  биікт е
        орналасқан  таудағы  қысым,  теңіз
        деңгейіндегі  қысымның  жартысы-  на
        тең.  Сондықтан  да  тауға  көтеріл-  ген
        сайын,  тыныс  алу  қиындай  береді.
        Биік  тауға  көтерілген  тури-  стер  мен
               н
        альпи- и стерде  тамырдың
        соғуы  әлсіреп,  ентігу  және  шаршау           139-сурет.  Тауға  көтерілу  үшін
        байқалады  (139-сурет).                                  тыңғылы қты
                                                          климатты қ  дайындық  керек

                     Альпинистер  мен  туристердің  тауға  көтерілу  үшін  қандай  дайы н д ы қ
                     жасайтыны н    интернет   көздерін   пайдаланы п   оқып   алың д а р.
                     Алынған     ақпаратты    талқы лап,   бір-біріңн ің   жауаптар ы ң д ы
                     бағалаңдар.
   233   234   235   236   237   238   239   240   241   242   243