Page 237 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 237
көңіл күйіне аз да болса кері әсерін тигізеді.
Қысымның жоғары немесе төмен болуы, қан
айналымы жүйесіне және тамырға әсер етеді.
Атмосфералық ауа адам денесінің әр
сантиметр квадратына күш түсіреді (138- с у -
рет). Адамдар мұндай жүктемеге бейім де лу
себебі, сырттан келген қысым мен адам
ағзасындағы сұйық пен газдағы қысым н ы ң
мөлшері бірдей болуында. Жүректің жиы-
рылу нәтижесінде жоғары қан қысымы пай-
138-сурет. Атмосфера- да болады (артериялық қысым). Артери я лық
лық қысым денеміздің қысымның мөлшері 80–120 мм сынап
әр сантиметріне күш бағанасына тең. Атмосфералық қысымғ а
түсіреді
қарағанда 10–16%-ға жоғары.
Планетамыздың әрбір үшінш і тұрғыны ауа райыны ң өзгерісіне сезім та л
болып келеді. Ауа райыны ң тербелісінен, магнитті бораннан және күн
сәулесінің белсенділігінен қолайсыз күйге түсетін адамдарды –
метеотәуелділер деп атайды . Биометеорология ғылымы, атмосфер а л ы қ
қысымның, температура тербелісінің, ылғалдылықтың, Күн радиа ц и я -
сын және басқа факторларды ң адам денсаулығы на және ағзасына әсе -
рін зерттей ді.
Ауа райы және қысым. Егер адам бір жерде ұзақ тұрса, оның
ағзасы өзі тұрып жатқан жердің климаттық ауытқула рын а
бейімделеді. Тұрақты ауа райында адам өзін жақсы сезінеді. Адам
денсаулығындағы кішігірім мәселе, циклон (төменгі қысым) және
антициклон (жоғарғы қысым) ауысқан кезде болады. Осы кезде
адамдар дәрігерлік көмекке көбірек жүгінеді.
Циклонның әсері. Ауадағы оттегінің мөлшері азайып, көмір -
қышқыл газының мөлшері көбейеді. Мұндай ауа райы төмен гі
артериялық қысымы бар адамдарға қолайсыз әсер етеді. Оттегін ің
жетіспеуінен гипотониктерде келесі белгілер байқалады: қанн ың
айналымы баяулайды, мүшелер мен ұлпаларға келетін қанн ың
мөлшері азаяды, артериялық қысымы төмендейді, тамырдың соғуы
әлсірейді, тыныс алу қиындай түседі, бас айналады, құсады, ұйқы
келеді, әлсіздік пайда болады, жүректің соғуы жиілейді.