Page 239 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 239

Жануарлардың өміріндегі  атмосфералық қысымның рөлі.
             Шыбын,  сегізаяқ,  сүлік  сияқты  көптеген  жануарлардың  кез  кел-  ген
             затқа  жабысып  тұратын  емізіктері  (сорғышы)  болады  (140-су-  рет).
             Сүлік  емізікті  судың  табанында  қозғалу  үшін,  сегізаяқ  жемтігін
             ұстап  алу  үшін  қолданады.  Бұл  үдеріс  былай  жүреді.  Емізіктің
             көлемі  ұлғайып,  оның  ішінде  ауасыз  бос  кеңістік  пайда  болады,  ал
             сыртқы  ауа  қысымы  оны  кез  келген  затқа  жабысты-  рып  тұрады.



















                      140-сурет.  Құрбақа  мен  шыбын  табанның  қысымын  кез  келген
                                   затқа  жабысып  тұру  үшін  қолданады

                  Биік  тауларда  мекендейтін  қар  барысы,  тауешкі  төменгі  атмо-
             сфералық  қысымда  тіршілік  етуге  бейімделген  (141-сурет).
                  Атмосфералық  қысым  климат  және  ауа  райынан  басқа  тірі
             ағзаларға  да  әсер  етеді  екен.  Тауда  мекендейтін  жануарды  бірден
             жазыққа  әкеліп  жерсіндіруге  болмайды.  Оны  жоғарыдан  төмен гі
             биіктіктерге  дейін  біртіндеп  жерсіндіру  керек.  Атмосфер алық
             қысымның  тез  өзгеруі,  жүрек-қан  тамырлары  ауруына  шалд ық-
             қандардың  денсаулығына  кері  әсерін  тигізеді.
   234   235   236   237   238   239   240   241   242   243   244