Page 243 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 243

142-сурет.  Экожүйедегі  байланыс
                                                           «Өндіруш і  – тұтынуш ы  – ыдыра-
                                                                        тушы»
                      Өздерің  тұраты н  жердегі  экожүйе  компоненттері  арасындағы  байлан ы с қа
                      мысал  келтіріңдер.  Не  себепті  экожүйедегі  барлық  табиғи  компонен тт ер
                      бір-бірімен  үнемі  байланыс  жасайды?  Талқылаңдар  және  бір-бірі ң н ің
                      жауаптары ңды  бағалаңдар.

                  Өсімдіктер  мен   жануарлардың   қалдықтарын   бактериялар   мен
             саңырауқұлақтар  ыдыратып  қорегіне  пайдаланады.  Оларды  ағзан ы
             ыдыратушылар  (редуценттер)  деп  атайды.  Олай  болса,  шөл
             экожүйесінде  ағзалардың  үш  тізбегі  бар.  Тізбек  атаулары  –
             экожүйедегі  рөлі  және  қызметіне  сай  аталған.
                  Жүйедегі  өзара  байланыс  «қорек  –  қоректі  тұтынушы».
             Табиғаттағы  әртүрлі  ағзалар  арасындағы  қарым-қатынаста  жетекш і
             рөлді  «қорек  –  қоректі  тұтынушы»  өзара  байланысы  атқарады.
             Мысалы,  жыртқыш  пен  жемтік,  шөппен  қоректенетіндердің  шөп ті
             жеуі  және  т.б.  Осы  жұптардың  өзара  байланысын  тура  және  кері
             байланыс  ретінде  қарастыруға  болады.  Мысалы,  жеке  жануа рлар
             санының  жыртқыш тар  популяциясына  әсері  (Жырт.  –  түлкі)  және
             оның  жемтігі  (Ж  – қоян,  143-сурет).
                  Экожүйедегі  тура  және  кері  байланыстың,  оң  және  теріс
             жақтары  бар.  Бұл  белгілер  (+,  –)  өзара  байланыстың  сапасын
             білдірмейді,  олар  бір  бағыттағы  (+)  немесе  қарама-қарсы  (–)
             бағыттағы  өзгерістерді  білдіреді.
   238   239   240   241   242   243   244   245   246   247   248