Page 244 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 244
Жырт. (–).
143-сурет. Экожүйедегі тура және кері байланыс
Өздерің тұраты н жердегі экожүйедегі тура және кері байланысқа мысал
келтіріңдер. Бұл үдерістегі адамның рөлін анықтаңдар. Жауаптар ы ң д ы
түсіндіріңдер.
Орманда қоянның көп болуы, түлкілердің тұрақты азығы
болуына және популяциясының көбеюіне қолайлы әсер етеді (оң
белгілі тура байланыс +). Егер де жыртқыштар көбейіп кетсе,
жемтіктерінің азаюына әсерін тигізеді (теріс, кері байланыс –).
Экожүейенің тіршілігі сырттан келетін тұрақты энергия көзін е
тәуелді. Ондай энергия көзі – Күн. Экожүейнің тұрақтылығы, ком-
поненттер арасындағы тура және кері байланысқа, ішкі зат айна-
лымына және ғаламдық айналымға байланысты.
Кез келген табиғи экожүйедегі барлық тірі және өлі комп о-
ненттер бір-бірімен тығыз байланыста, олардың біреуінің бұзылуы
экожүйенің қалған компоненттердің де бұзылуына әкеледі.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Негізгі ұғымдарға анықтама беріңдер: продуценттер, консументтер,
редуценттер. Олар қандай рөл атқарады? Мысал келтіріңдер.
2. Экожүйедегі бактериялар мен саңырауқұлақтардың рөліне баға
беріңдер? Мысал келтіріп, жауаптарыңды топта талқылаңдар.
3. Экожүйедегі байланыстардың жойылуы на қандай қауіп төнуі мүмкін?
Өздерің тұраты н жердің экожүйесі мысалында дәлелдең дер.