Page 233 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 233
133-сурет. Адамның тірек-қозғалыс жүйесі (аппараты )
Қозғалыстың бірнеше түрінің суретін дәптерлеріңе салыңдар. Ойлан ың д ар ,
адамны ң денсаулығы үшін гимнасти ка - ның қандай пайдасы бар? Сен
таңертең ұйқыдан тұрғанда қандай гимнастика жасайсың? Достарыңа гимнастика д а н
қандай ұсыныс жасайсың және ұсыныс- тарыңды бағалаңдар.
Қаңқаның құрылысы. Қаңқа (грек. тіл.
skeletos – кепкен, құрғақ), адам денесін де гі
әртүрлі қызмет атқаратын сүйектердің жинағы.
Адам қаңқасы бар- лық омыртқалыларға тән,
білік қаңқасы және қосалқы деп екіге бөлін е ді.
Білік қаңқасы – дененің ортасында орналас қан,
адамға пішін беріп тұрған сүйектер – бас
сүйегі, мойын сүйектері, омыртқа сүйектері
және қабырғалар. Қосалқы қаңқалар – жамбас
сүйектері, бұғана сүйектері және қол- аяқ
сүйектері.
«Қаңқа. Келбетті мүсін және денсаулы қ»
тақырыбына эссе жазыңдар.
Ересек адамның денесінде 200-ден астам
сүйек бар (136-сурет). Жаңа туыл- ған
нәрестеде 350-ден астам сүйек бола- ды.
Жасы өскен сайын кейбір сүйектер біріг іп,
саны азая береді.
Биология лы қ анықтамаларды пай- дала н ы п ,
суреттегі санмен берілген сүйекте р д ің 136-сурет. Адам қаңқасы
аттарын атаңдар.