Page 277 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 277
Сарамандық жұмыс
Тақырыбы: Мектеп ауласындағы ауаның
шаңдану деңгейін анықтау
Мақсаты: Мектеп ауласындағы ауаның шаңдану деңгей ін
анықтау, мектеп ауласының әртүрлі аумағындағы жапырақта рдың
шаңдану деңгейін бағалап үйрену.
Құрал-жабдықтар: мөлдір жабысқақ үлдір (пленка), медиц ин а-
лық қолғап, қағаз, жапырақ салуға арналған қорап.
Жұмыс барысы:
1-тапсырма. Топқа бөлініңдер. Мектеп ауласының әр жері-
нен жапырақтар жинаңдар (сынып терезесінің жақтауы, жол
жиегі, стадион маңы, жақын тұрғын үйлер аулас ы,
қазандықтың жаны (егер бар болса).
2-тапсырма. Жапырақтың үстіңгі бетіне жабысқақ мөлді р
үлдірді қойыңдар. Жапырақтан шаң жабысқан үлдірді ажыратып
алып, ақ қағаздың бетіне жабыстырыңдар. Екеуіндегі қалып қойған
із таңбаларын бір-бірімен салыстырыңдар. Қорытынды шығары п,
нәтижесін дәптерлеріңе жазып, жұмысты бағалаңдар.
Нәтижені өңдеу:
Мектеп ауласының әр жеріндегі жапырақтың шаңдану
деңгейіне қорытынды шығарыңдар.
Мектеп ауласының шаңдануын азайтуға байланысты ұсын ыс
жасаңдар.