Page 282 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 282
Экологиялық Экологиялық Табиғатты қорғау Табиғатты
қозғалыс ұйым үйірмесі құтқару
Экологическое Экологическая Природоохранный Спасение
движение организация кружок природы
Ecology move- Ecological Nature protection Rescue of
ment organization circle the nature
Экологиялық қозғалыстың мақсаты мен міндеті. Кез кел-
ген экологиялық қозғалыстың немесе ұйымның жұмыс істеуі және
дамуы, ұйымдастырушы және қатысушылардың алдына қойған
мақсаты мен міндетінің өзектілігіне тікелей байланыс- ты.
Экологиялық ұйымның алдына қойған мәселелер шеші ліп,
өзектілігін жойған күннен бастап, ұйым да өзінің жұмысын аяқтап,
жабылады. Әртүрлі қоғамдық экологиялық ұйымдардың алдын а
қойған мақсаты мен міндеті бір-бірінен үлкен айырмашылығы бар.
Барлығына тән ортақ мәселе ретінде табиғи қоршаған орта алын ып,
тірі және өлі табиғатты қорғауда қоғамның, мемлекеттің және
әртүрлі ұйымның іс-әрекеті қарастырылады (166-сурет).