Page 287 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 287
Сарамандық жұмыс
Тақырыбы: «Мен және табиғат» әлеуметтік сауалнама
Мақсаты: Әлеуметтік сауалнама негізінде адамның табиғатқа
деген көзқарасын анықтау. Шығармашылық қабілетін дамыту жә-
не ақпаратты өңдеуге бейімдеу.
Құрал-жабдықтар: Сауалнама парағы, сауалнаманың қорыты н-
дысына арналған парақ.
Жұмыс барысы:
1-тапсырма. Топқа бөлініңдер. Парақты алып, сауалнама
жүргізіңдер. Достарыңа «Мен және табиғат» атты әлеумет-
тік сауалнама сұрақтарына ауызша жауап беруді ұсыныңдар. Сұ-
рақтарды мүмкіндігінше тұспалдап қойыңдар, жауап беруші сенің
қандай жауап күтіп тұрғаныңды бірден сезбейтіндей болсын. Сұрақ-
тың жауабына: «иә», «жоқ», «білмеймін», «үнемі емес», «күмән ім
бар», «қиналып тұрмын» деген жауаптарды да жазып қойсаң дар
болады. Жауап берушілердің (респонденттер) санына шектеу жоқ.
«Мен және табиғат» сауалнамасы
Сұрақтар Респонденттер
№
1 2 3 4 5
1 Табиғатқа деген көзқарасың қандай?
2 Әдемі құбылыстарды қарапай ым
құбылыстардан ажырата аласың ба?
3 Айналаңды қоршаған сұлулықты үнемі сақтап
қалуға тырысасың ба?
4 Мектеп ке келе жатқанда айналаңды қоршаған
табиғат көріністеріне мән бересің бе?
5 Сенің көңіл күйің табиғатқа тәуелді ме?
6 Мектеп ке келе жатқанда немесе саябақта
серуендеп жүргенде табиғат көріністерінің
өзгерісіне мән бересің бе?
7 Егер сенің құрдастары ң ағашты ң бұтағын сын-
дырып, гүлді жұлып, құстың ұясын бұзып
жатса, ескерту жасайсың ба?
8 Бағбанш ылы қпен айналысу саған ұнай ма?
9 Кітап оқыған кезде, табиғатты суреттеген
жерлерін мұқият оқисың ба?