Page 284 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 284

Дүниежүзінің және Қазақстанның экологиялық ұйымдары.
        Дүниежүзілік  экологиялық  ұйымның  алдына  қойған  мақсаты  –
        планетамыздың  табиғатын  қорғау  және  сақтап  қалу.  Сол  үшін  адам
        мен  табиғаттың  қарым-қатынасын  жақсарту  жолында  жұмыс  жасап
        жатыр.

                 Дүниеж үзіндегі  ең  әйгілі  табиғатты  қорғау  ұйымы  –  Greenpeaсe.  1971
                 жылы  кішігірім  топтан  құрылған  белсенділер  соғыс  пен  зорлы қ -
                 зомбылыққа    қарсылық    көрсетіп,   Канаданы ң   Ванкувер   қалас ы н а н
                 балықш ылар  кемесіне  отырып  ашық  мұхитқа  шықты.  Соғысқа  қарсы
                 белсенділердің  ойынша,  бірнеше  адамны ң  өзі  планетамызға  көпте ге н
                 пайда  келтіруге  болады  деп  сенді.  Олар  Аляска  түбегін дегі  жерас ты
                 жарылысы  болатын  кішігірім  аралға  жол  тартты.  Белсенділер  өздер ін ің
                 командасы н  Green  +  peaсe  =  Greenpeaсe  (Жасыл  әлем)  деп  атады  (167 -
                 сурет).

















                             167-сурет.  Олар  алғаш қылар  болатын

                 Экологиялық  қозғалыстың  белсенді  мүшесі  болу  дегенді  қалай  түсін -
                 діңдер?  Экологиялы қ  акцияларға  қатынасып  көрдіңдер  ме?  Қорш а ға н
                 ортаны  қорғау  акциясы на  қатысу  не  үшін  маңызды  болып  есептелін е ді?
                 Өздерің  тұратын  қалада,  ауылда  немесе  мектепте  қандай  экологи я л ы қ
                 акцияға  қатысты ңдар?

            Жер  табиғатын  және  биологиялық  алуан  түрлілігін  қорғауд а
        Дүниежүзілік  жабайы  табиғатты  қорғау  фонды,  Халықаралық  Жа-
        сыл  Крест,  Халықаралық  табиғатты  қорғау  және  табиғат  ресурс-
        тары  ұйымы  және  басқа  аймақтық  табиғатты  қорғау  ұйымд ары
        айналысады  (168-сурет).  Халықаралық  ұйымдар,  табиғатты  қорғау
        жұмысын  жүргізу  үшін,  мемлекеттердің  саяси  көзқарасына
   279   280   281   282   283   284   285   286   287   288   289