Page 35 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 35
Сарамандық жұмыс
Мәліметтерді талдау және оларды ұсыну
Мақсаты: алынған мәліметтерді графикалық жолмен көрсету,
диаграмма, графика, таныстыруды құрастыру үшін компьютерлік
бағдарламалармен сарамандық жұмыс жасау дағдысын дамыту.
ресурстар: Microsoft Excel, Microsoft Power Point бағдарла-
малары.
Құрал-жабдықтар: компьютер, планшет, смартфон.
Жұмыс барысы:
1-тапсырма. 1-қосымшада берілгендей «Қазақстанның ірі өзен-
дері» деген деректер базасын құрыңдар.
Кестенің жолы – деректер базасының жазбасы.
Кестенің бағаны – дерект ер базасының жолағы.
1. Жұппен жұмыс. «Қазақстанның ірі өзендерінің сипатта-
масы» кестесіндегі деректер базасын ашыңдар, оларды Micro soft
Excel бағдарламасына енгізіңдер.
2. Пайда болған кестеде – Қазақстан өзендерінің ұзындығын ың
кемуі бойынша Өзендер жолағына сұрыптау жасаңдар (алфав и т
бойынша). Сұрыптау нәтижесін 1-параққа көшіріп алыңдар.
3. Кему бойынша Ауданын сұрыптаңдар. Кейін 2-парақтың
атын «Сұрыптау» деп өзгертіңдер.
Ол үшін: 2-парақ таңбашасына (ярлык) тінтуір сілтеуіш ін
апарыңдар; тінтуірдің оң батырмасымен мәнмәтіндік мәзірді (меню)
шақырыңдар. «Переименовать» командасын басыңдар.
4. «Су шығыны» жолағы бойынш а сұрыптау жасаң да р.
Сұрыптау нәтижесін 3-параққа көшіріңдер. «Переименовать» ко-
мандасын орындаңдар.
2-тапсырм а. Топтық жұмыс. Өзендердің ұзындығы және аудан ы
туралы алынған мәліметтерді қолдана отырып, оларды дөңгелек немесе
баған- дық диаграммаға белгілеңдер, ал судың шығыны тура лы
мәліметтерді графикпен көрсетіңдер. Қорытын ды мен талдау жасап ,
пайда болған нәтижелерді талқылаңдар. Дәптерге жазыңдар.