Page 31 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 31
диаграмма, фигуралы диаграмма. Осылардың көмегі арқылы
көптеген деректерді көрсете және салыстыра аламыз. Әсіресе
статистикалық деректерді, сауалнама қорытындысын, күрделі
деректерді талдаған кезде тиімді.
Мысалы, жел өрнегін алайық. Жел өрнегі – белгілі бір жердегі
көпжылдық деректердің (ай, маусым, жыл және т.б) есебінен жел
режимін сипаттайтын диаграмма. Құрылысы «раушан гүлін ің »
жапырақтарына ұқсайды – 8 румбтың (бағыттары), әрбір бағыты
бойынша желдің қайта соғу көрсеткіші және оның жылдамдығы м/с
есептелінеді. немесе қайталау ұзақтығы пайызбен (%) есептелін еді
(12-сурет).
12-сурет. Жел өрнегі
Қорытынды: Графиктегі сызықтар бойындағы әр бір кесінділер белгілі
бір күндерге сәйкес. Олай болса батыстан соғатын желдер басымдық
танытады(10 – күн).