Page 27 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 27

Мысалға  алатын  болсақ,  бір  метр  – пари ждік
        меридианның  1/40  000  бөлігі,  килограмм  – 1 куб
        дециметр  судың  салмағы  және  т.б.  Эталон д ар
        Францияның  Севре  қаласындағы  Халықар алық
        өлшем  және  салмақ  бюросында  сақтаулы  тұр.
        Килограмның  эталоны  –  платина  мен  ириди й
        қоспасынан  жасалған  цилиндр  (10-сурет).  Эта-
        лоннан  дайындалған  көшірмесін  дүниежүзін ің
        елдері  пайдаланады.

            Кейіннен  басқа  да  эталондар  қабылданды.
        Метрикалық        өлшем     жүйесі     дүниежүзі     бо-                10-сурет.
        йынша  бірліктерді  сәйкестендіру  базасына  ай-               Килограмны ң
        налды  (2-кесте).  1960        жылы      Халықаралы қ             эталон ы
        өлшем  жүйесінің  бірлігі  енгізілді  (СИ  – sistem
        international).   Қазақстан      мемлекеті     де  осы  жүйенің        бірлігін
        қолданады.  Өлшем  бірлігімен  метрология  ғылымы  айналысады.
        Бұл  ғылымның  міндеті  – өлшемдердің  бірлігін  сақтау.

                                                                                 2-кесте
                                СИ  өлшемінің  негізгі  бірліктері

                                                                                     у
               Физикалы қ  шаманы ң  атауы     Өлшем  бірлігі   Халықаралық  белгілен і
          Ұзын ды қ  бірлігі                        метр                    м
          Салмақ  бірлігі                        килограмм                 кг
          Уақыт  бірлігі                           секунд                   с
          Ток  күшінің  бірлігі                    ампер                    А
          Температураны ң  бірлігі                 кельвин                  К
          Заттың  сандық  бірлігі                   моль                  моль

              Физикалық    шаманы  өлшеу.  Өлшеу  барысында  үлкен мөлшерге  тап
        болған  жағдайда  (қалалардың  арақашықтығы,  уақыт  өлшемі  –  тәулік
        және  т.б.)  оларды  метрмен  немесе  секундпен  есептеудің  қажеті  жоқ.
        Сондықтан  да  Алматы  мен  Астана  қаласының  арасы-  на  жүрет ін
        пойыздың  уақытын  сағатпен  өлшесе,  арақашықтығын  километ рме н
        есептейді.  1 сағат  және  1  км  – негізгі  өлшем  бірліктері  емес.  Негізгі  және
        негізгі  емес  өлшем  бірліктерінің  арасында  бай-  ланыс  бар.  Мысалы,  1  км
        =  1000  м,  1 сағ  = 3600  с.
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32