Page 22 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 22
Зерттеу Қауіп-қатер Қауіпсіздік ережелері Денсаулық
Исследование Опасность Правила безопасности Здоровье
Research Danger Safety rules Health
Табиғи нысандарды қауіпсіз зерттеудің жағдайлары. Тақы-
рып барысында зерттеудің және орындалған жұмыстың қауіпсіз -
дік ережесін қысқаша ЗЖОЖҚЕ (зерттеудің және орындалған
жұмыстың қауіпсіздік ережесі) аббревиатурасын қолданамыз. Жас
натуралист жергілікті жердің климатына, биологиясын а,
гидрологиясына зерттеу және бақылау жүргізуі үшін әртүрлі
аспаптар мен құралдарды қолданады (8-сурет). Сонымен бірге
химиялық заттарды, электржабдықтарын, әртүрлі механизмдер мен
құрал-саймандарды пайдаланып, эксперимент және тәжіри бе
жүргізеді.