Page 23 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 23

8-сурет.  Натуралистердің  зерттеу  жүргізу  барысы



                  Көзделген  жұмыстың  барлығы  қауіпсіздік  және  санитарлы қ
             норма  ережелеріне  сәйкес  жүргізілуі  керек.  Сондықтан  да  зерттеу
             жұмыстарын  жүргізген  кезде  аталған  ережелерді  және  ұсыныстард ы
             қатаң  сақтау  қажет.  Ереже  сақтаудың  арқасында  алға  қойыл ған
             міндеттеріңді  орындап,  өзіңнің  және  жаныңдағы  құрдастарың н ың
             денсаулығын  сақтап  қаласың.














                  Зерттеуді қауіпсіз жүргізудің 5 қадамы. Табиғатта, үйде, сынып-
             та  әртүрлі  зерттеу,  тәжірибе  және  эксперимент  жүргізген  кездегі  5
             қадамды  реттілігімен  қарастырып  өтейік  (9-сурет).
                  1-қадам.  Сол  жерде  бар  немесе  зерттеу  барысында  пайда  бо-
             луы  мүмкін  қауіп-қатер  көздерін  анықтау.  Жұмыстың  барлық
             кезеңдерінің  реттілігін  ойластыру.  Өмірімізге  және  денсау лы-
             ғымызға  зерттеудің  кезеңдеріне  сәйкес  қандай  қауіп-қатерлер  пай-
             да  болу  мүмкіндігін  анықтау.
                  2-қадам. Қоршаған  ортаға  және  денсаулығымызға  әсер  ету  сал-
             дарын  анықтау.  Кім  зардап  шегуі  мүмкін?  Салдары  соншалы қты
             қауіпті  болуы  мүмкін  бе?
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28