Page 9 - Педагогика
P. 9

ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА














                                     Жетекші сѳз



              ТӘРБИЕ ДЕГЕН НЕ?

              Тәрбие  кең  мағынасымен  алғанда,  қандайда  болса  бір  жан
              иесіне  тиісті  азық  беріп,  сол  жан  иесінің  дұрыс  ѳсуіне  кѳмек
              кѳрсету  деген  сѳз.  Ал  енді  адамзат  туралы  айтылғанда,
              адамның  баласын,  кәміл  жасқа  толып,  ѳзіне-ѳзі  қожа
              болғанша, тиісті азық беріп, ѳсіру деген мағынада жүргізіледі.
                 (Адамзат дене һәм жан аталған екі бѳлімнен тұрғандықтан,
              бұл екі бѳлімнің соңғысы, яғни жан, адамзат үшін аса қадірлі
              болғандықтан,  дұрысын  айтқанда  адамға  шын  мағынасымен
              «адам»  деген  атты  осы  жан  ғана  беретіндіктен,  адам  баласын
              тәрбие  қылу  дегенде,  әрине,  адам  баласының  әсіресе,  жанын
              тәрбие қылу керек деп ұғу керек).
                 Жер  жүзіндегі  басқа  жан  иелерімен  салыстырғанда,  адам
              баласы  туғанда  ѳте  әлсіз,  зағып,  осал  болып  туады.  Малдың
              тѳлі  туа  сала  аяқтанады.  Тауықтың  балапаны  жұмыртқадан
              жарылысымен  жүгіріп  кетеді.  Ал  адам  баласы  туғанда


                                           5
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14