Page 13 - Педагогика
P. 13
ПЕДАГОГИКА ҚАНДАЙ ПӘН ?
Б із жоғарыда адам баласының тәрбиеге мұқтаж екендігін,
оған қандай тәрбие беру керектігін, һәм ол тәрбиені не
үшін беру керек екендігін айттық. Жә, тәрбие керек. Бірақ,
балаға дұрыс тәрбиені әрбір тәрбиеші (ата-ана, мұғалім)
тәрбие жолын ешкімнен үйренбей-ақ, ешнәрсені оқып-
білмей-ақ ѳз бетімен бере ала ма? Әркім ѳзі-ақ жол тауып
кеткендей бала тәрбиесі соншама бір жеңіл нәрсе ме? Жоқ.
Бұлай емес. Бала тәрбиесі бір ѳнер, ѳнер болғанда ауыр ѳнер,
жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін ѳнер. Баланы дұрыс
тәрбие қылу үшін әркімнің ѳз тәжірибесі жетпейді. Басқа
адамдардың тәжірибесімен танысу керек. Сол басқа
адамдардың тәрбие майданындағы тәжірибелерін кѳрсеткен
жеке бір пәнмен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек.
Тәрбие пәні - педагогика деп аталады.
Педагогика грек елінің сѳзі. Пед – бала, агоги – жетектеу
деген екі сѳзден құралған. Баяғы Грецияда балаларды бағып,
мектепке алып келіп жүретін кәрі құлдар педагог деп аталған.
Педагог деген аттың бұрын мақтаулы болмағандығы осыдан
кѳрінеді. Бірақ соңғы заманда пән, ғылым ѳсіп адамзат
9