Page 16 - Педагогика
P. 16
баяғыдан бері сыналып, кѳп буын қолданып келе жатқан
тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сѳз жоқ, ұлт
тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы ѳз
ұлтының арасында, ѳз ұлты үшін қызмет қылатын
болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие
қылуға міндетті. Бірақ, ұлт тәрбиесін, ұлттың тәрбие жолында
ұстаған жолын түгелімен дұрыс деуге болмайды. Ұлт
тәрбиесінің жақсылық жағы кѳп болған сықылды, жамандық
жағы да кѳп. Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі
ішінде толып жатыр. Баяғыдан бергі ұлт тәрбиесінің ішінде
ұнамсыз, зиянды әдет, жол-жоралар толып жатқан ұлттың
біреуі - біздің қазақ. Қысқасы, ұлт тәрбиесі қанша қадірлі,
керек жол болғанмен, адастырмайтын дұрыс жол деуге бола
бермейді.
Жоғарыда айтқаннан кѳрінеді, балаға шын дұрыс тәрбие
беру үшін, тәрбиешінің ѳз тәжірибесі, һәм ұлт тәрбиесімен
таныс болуы жетпейді екен. Бұлар - бірбеткей шикі
тәжірибелер. Бұлар сыннан ѳткізіліп, пісірмеген күйде берік
негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы-жаманын,
алтын мен мысын тізіп ала білу үшін тәрбие майданында
шабылып ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі
ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының
ойларымен, қысқасы, тәрбие туралы дұрыс жолға түсіретін
шын тәрбие дәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс
болу керек.
12