Page 20 - Педагогика
P. 20
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА
Ж алпы педагогика екі нәрсе жайынан сѳйлейді: 1)
Дене тәрбиесі 2) Жан тәрбиесі
Дене тәрбиесі
Ж аңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. Оның
жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан ата-ана жас
баланы тәрбие қылғанда күшінің кѳбін баланың дене
тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға
болмайды. Жан дұрыс тәрбие қылынса болады, дененің қанша
керегі бар деп ойлау дұрыс емес. Дене - жанның кабы. Қап
берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене - жанның
құралы. Құрал мықты болса иесі де мықты. «Сау жан сау
денеде ғана болады» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелі -
шын дұрыс мәтел.
Жаңа туған баланы тәрбиелегенде тәрбиеші тѳмендегі
нәрселерді білуге, һәм істеуге тиіс.
Ѳлшеу. Егерде сау болса, жаңа туған баланың салмағы 8
қадақ шамасында болады. Нашар, ауру бала 6 қадақ
16

