Page 24 - Педагогика
P. 24
Терезелері тура оңтүстікке қараған бѳлме қыстыгүні
жарық, жылы болғанымен жаздыгүні ыстық, қапа болады. Ал
енді терезелері солтүстікке – түн жаққа қараған бѳлме қашан
да қолайсыз. Сѳз аяғында қазақтың үйінде бала ѳсіруі,
асырауы туралы бір-екі ауыз сѳз айтып ѳтейік.
Бала тәрбиелеу үшін киіз үйді аса қолайлы деуге
болмайды. Аңғал-саңғал, ашық-тесік киіз үй баланың жел
тиіп, суық тиіп ауру болуына кѳп себепші. Бірақ баланы киіз
үйден біржола бездіріп кетуге орын жоқ. Киіз үйдің зиянды
болғаны сықылды, пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің
ішінде баланы ұстай білуде. Таза ауа сол киіз үйде болмағанда
қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып
құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге ѳскен
қазақ баласын аса нәзік етіп, үлбіретіп тәрбие қылмағаны
дұрыс болар еді. Бұл сѳзбен мен балаңды баяғыдай
“шалбардың ішіне салып асыра” дейін деп отырғаным жоқ. Ол
заман озды ғой. Әйткенмен де қазақ баласының тәрбиесі қазақ
тұрмысына қабысуы мақұл.
Баланың тамағы. Баланың жақсы ѳсуі үшін оның тамағы
жақсы болуға тиіс. Тамақ баланың ѳсуіне қарай ѳзгеріп отыру
керек. Бастапқы кезде балаға ең дұрыс тамақ – ананың сүті.
Сүттің ішінде денеге керек заттардың бәрі бар. Ана сүті бала
ѳскен сайын ѳзгеріп отырады. Ана бір себептерден баласын
емізе алмайтын болса, әрине қолдан асырауға тура келеді.
Бірақ, емізуге мүмкін болғанда абзалы – ананың ѳзі емізу.
Статистикалық санақ пәнінің кѳрсетуі бойынша ана сүтін
емген жүз баладан 15-20-сы ғана ѳледі. Ал, қолдан асыраған
жүз баладан бір жылда 65 бала ѳледі.
Қолдан асырау. Қолдан асырағанда балаға лайықты тамақ
– ешкі сүті. Бұл болмаған күнде сиыр сүті. Бірақ сиыр сүтінде
ақ (белковина) пен май кѳп, қант аз. Сондықтан сиыр сүтін
сұйылту һәм тәттілеу керек. Жаңа туған балаға берілетін сиыр
сүтіне үш есе су қосу керек. Мұнан соң 2-3 айға шейін бір
бѳлім сүт, екі бѳлім су, 3 айдан 6 айға шейін екеуін де бірдей,
20

