Page 25 - Педагогика
P. 25

ал тоғыз айдан былай таза сүттің ѳзін беріп отыру керек. Бір
              ішкізгеннен қалған сүтті екінші рет беруге жарамайды. Балаға
              беретін  сүттің  жылылығы  адам  денесінің  жылылығындай
              болуы керек.
                 Сүтті тәттілеу үшін сүтке кәдімгі қант салу керек. Бір стакан
              сүтке  бір  бал  қасық  қант  жетеді.  Балаға  берілетін  сүт  сау
              сиырдың  жаңа  туылған  сүті  болсын.  Әр  сиырдың  сүтін  бір
              бергеннен  бір  ғана  сиырдың  сүтін  берген  дұрыс.  Сүт,  ыдысы
              таза болсын һәм берілетін сүт қайнатылуға тиісті.
                 Емізік.  Қолдан  асырағанда  балаға  тамақ  беру  үшін
              қолайлы  әдіс  –  емізік.  Ішіндегі  сүтін  емізіп  болған  соң  құр
              емізікті  балаға  сорғызып  қою  тіпті  дұрыс  емес.  Біріншіден,
              баланың  іші  желге  толып  аурулы  болуға  себеп  болады.
              Екіншіден,  желімнен  жасалған  емшек  баланың  денесіне  зиян
              келтіреді.  Баласына  құр  емізікті  сорғызып  қойып,  ауыл
              қыдырып ѳсек аңду анаға лайықты іс емес, баланы таба білсең,
              ерінбей дұрыс баға біл.
                 Аралас тамақтандыру. Анасы емізген бала біраз ѳскен соң
              анасының сүтінен басқа тамақ тілей бастайды. Ол уақытта ана
              сүтінен басқа тамақ бере бастауға мүмкін. Жай тамақты алты
              айсыз  бере  бастау  дұрыс  емес.  Жай  тамақты  бергенде  әуелі
              жеңілінен  бастап,  бірте-бірте  ауырына  кѳшу  керек.  Мысалы
              былай: сиыр сүті, бал қаймақ, ақ ірімшік, қатық (ащы қылып
              ұйытпау шартымен), қаймақ, жұмыртқа, сорпа.
                 Ал енді жас балаға (бір жасқа толған) май, нан, ет беру тіпті
              дұрыс емес. Қызыл иегімен қажалатқызып балаға нан беріп, ет
              беріп,  сорғалатып  май  беріп  қойған  ана,  баланың  досы  емес,
              қасы.  Маған  майлы  бауырсақ,  қазы,  қарта  бере  кѳр  дегенде
              баласына ет, нан шайнап беретін ана – ананың нағыз оңбағаны,
              барлық денесі, асқазаны тіпті нәзік баланың нан, май, ет жеп
              кѳтеретін  қанша  күші  бар?  Қазақ  баласының  ауру  болуы,
              кѳбінесе осы талғамай тамақ жегеннен болады. “Ауру – астан”
              деген қазақ мақалынан айналып кетсең болмас па?
                 Тамақтандыру  тәртібі.  Баланы  ананың  ѳзі  емізсе  баланы
                                          21
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30