Page 30 - Педагогика
P. 30
қарастыру керек. Менің ойымша тартпаны екеу қылмай, біреу
қылсақ. Біреу қылғанда, баланың мойнынан аяғына жететіндей
қылсақ. Енді тартпа демей-ақ жабу дейік. Жабу бесіктің бір
жағына, айталық, 6-7 баумен байланған болса, баланы
жѳргегімен орап, тѳсегіне салып, әлгі жабуды жаппай жауып,
бесіктің екінші жағынан алып келіп, тағы 6-7 баумен байласақ.
Міне, осындай жабумен таңылса, аса зиянды болмас еді. Бұл
бір – тәжірибе кѳрмеген ой. Мүмкін, қате болуға. Мен үшін
емес, баласын дұрыс тәрбие қылу үшін ата-ана осы ойды бір
тәжірибе қылып кѳрсе, игі болар еді.
Жә, баланы бесікке бѳлеуді мақұлдадық. Қалай бѳлеу
туралы да ой жүгірттік. Енді тербетуге келейік.
Күн батып барады. Үй іші қара кѳлеңке. Қыс болса, сасық
үңгірдің ішінде терезе аталған тесіктерден суық жел азынап
кіріп, аш аңдай ұлып тұр. Жаз болса, туырлықтың етегінен,
шидің арасынан жыландай жүз бұралып, қоңыр жел кіріп,
жолдасын жоғалтқан жандай мұңды, зарлы бір қоңыр әнге
басады. Үйдің бір босағасында бесік тұр. Ішінде бѳлеулі бала
жатыр. Жылап-жылап шаршаған. Енді айқай салып жылауға
шамасы жоқ. Әлсіз ғана ыңыранады. Бесік жанында баланың
анасы жоқ. Әлдеқайда кеткен. Мал жайлап, шаруа қылып жүр
ме? Әлде кѳрші үйдің қатынымен басын шұлғи-шұлғи бір
қысыр кеңесте отыр ма? Кім білсін, бесік жанында кѳзі кѳрдей
сұп-сұр бір кемпір отыр. Құрысқан қолы бесіктің
арқалығында. Салмақпен бесікті тербетеді. Бала ыңыранады,
бесік күңіренеді, кемпір де күңіренеді.
Әлди-әлди, ақ бѳпем,
Ақ бесікке жат бѳпем.
Жылама, бѳпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін…
Әлди-әлди, әлди-ай… –деп күңіренеді кемпір. Кемпірде
талу жоқ. Тербетеді, күңіренеді, тербетеді.
26