Page 33 - Педагогика
P. 33
білмей, ойнайды да жүгіреді. Бала жүре бастамаған күнде де
тек отырмай, аяқ-қолын шолтаңдатып отырады. Бірақ
бастапқы кездегі баланың қозғалуы оймен, тілеумен қозғалу
емес, «рефлекс» бойынша соқыр қозғалу. 5–6 айдан былай
бала маңайындағы нәрселерді ұстауға, қолына алып ойнауға
ѳзі тілей бастайды. Міне, бала қозғалуды ѳзі тілей бастаған
кезде ана оған түрлі жеңіл ойын кѳрсетіп, кѳмекші болу керек.
Бірақ кѳмекші боламын деп қозғалуға шамасы жоқ баланы
зорлықпен қозғалуға үйрету дұрыс емес. Жаңа туған бала
басын һәм барлық денесін билей алмайды, оның шамасының
келетіні – жату. Бала тѳрт ай толмай басын билей алмайды,
жеті-сегіз ай толмай еркін отыра алмайды. Сондықтан 4 айға
толмаған баланы жатқан орнынан кѳп қозғай беру
жарамайды.
Тегінде, баланы ѳзінің отыруға шамасы келмейтін кезде
еріксіз отырғызу қате. Бала бүкір болып калуға ықтимал.
Жас баланы кѳтеру де дұрыс емес. Денесіне зиян келеді, бұл
– бір. Екінші, кѳтеріп үйрету ата-анаға бір пәле ғой. Аяғы бар,
тілі бар дардай баланың «Апа, кѳтер, әке, кѳтер» деп мазаны
алуы ұнамды ма?.. Жас баланы арбаға салып сүйреу –
қазақтың бір қате жұмысы. Тақтай арбаның ішіне жаман
кѳрпеге оратқызып, баланы салып алып, 6–7 жасар балалар:
«Мен ағамның қара кер атынша шабамын» деп тұрып арбаны
дүрілдеткенде баланың не жаны қалады? Үлбіреген жас денеге
зиян келетін болған соң, аман жаннан не пайда? Баланы
еңбектеуден тыюға дұрыс емес. Еңбектесін, қозғалсын, жас
күшін жұмсай берсін. Бірақ бала еңбектейтін жер таза, тегіс
болсын, мүмкін болғанда тегіс жерге кілем тѳселген болсын.
Қазақтың еңбектеген баласының күні қараң ғой. Ол баланы
қараушы болмайды. Бала еңбектеп от орнына барып күйіп
қала ма, күл, кѳмір жей ме, нәжіске былғана ма, сызға, сазға
отыра ма, оны бақылаушы жоқ. Үсті-басы күл, топырақ,
үрпиіп ылғи сызда, сазда отырады. Баланың неше түрлі ауру
болатындығы осы сыз ѳтуден. Сызда, былық жерде асыралса,
29