Page 31 - Педагогика
P. 31

Баланың ыңылы баяулап келеді. Басылды. Бала ұйықтады.
              Кемпір  күңіренеді.  Болмаса  сол  кеште,  бос  үйде  бесіктің
              жанына  жас  баланың  жеті  жасар  апасын  отырғыз.  Жел
              жылайды, бесіктегі бір жасар да жылайды. Жанында отырған
              жеті  жасар  да  жылайды.  Бос  үйде  дауыс  шығарып,  қорқуын
              азайту  үшін  бесікті  тарсылдатып  тұрып  тербетеді.  Әлде  не
              уақытта  бала  ұйықтайды.  Бесік  жанында  ѳксігін  баса  алмай
              апасы әлі отыр.
                 Не болмаса, мынадай картинаны кѳз алдыңа алып кел. Түн.
              Бала  бесікте  бѳлеулі  жатыр.  Жанындағы  тѳсектегі  шешесі
              қалың  кѳрпені  жамылып  шырт  ұйқыда.  Қарны  ашты  ма,
              тоңды ма, тѳсегі тынышсыз болды ма, бір мезгілде бала оянып
              жылайды. Бастап ақырын жылайды. Елең де қылған ана жоқ.
              Дауысты  молайтыңқырайды,  оянған  ана  жоқ.  Шыр-пыры
              шығып,  пырылдап,  ішегі  түйіліп  жылайды.  Ыңырана  түсіп
              шеше  оянады.  Бастап  тербетіп  ақырын  қозғайды.  Оған  бала
              уанбайды,  «тұрмадың»  деп  ашуланғандай  айқайын  үдете
              түседі.  Үй  ішінде  жел  долданады,  шеше  де  долданады.  «Ѳй,
              кѳгала келсін, шешек шықсын», - дейді шеше. Тарс-тұрс, тарс-
              тұрс  тербетеді.  Баланың  айғайын  бесіктің  тарсылы  жеңеді.
              Әлде  не  уақытта  бала  ұйықтайды.  Баласын  күбірлеп  қарғай-
              қарғай  қорылдап,  ұйқыға  кетеді  шеше.  (Әрине,  қазақ
              қатынының  кѳбі  мұндай  емес  қой.  Бірақ  кѳбі  осындай  десек,
              аса адаспаймыз. Пысық, сергек, бала қадірін білетін аналардан
              мына сѳзіме кешірім сұраймын.)
                 Жә, күңірене-күңірене баланың әжесі ұйықтайды. Жылай-
              жылай    бала   ұйықтайды.   Қарғай-қарғай    баланы,   ана
              ұйықтайды.  Баланың  осы  ұйқысы  сау  ұйқы  ма?  Шын  ұйқы
              ма? Жоқ.
                 Бұл дұрыс ұйқы емес. Бұл ұйықтату емес, шайқап-шайқап
              баланың басын айналдыру, естен тандыру.
                 Тербетіп ұйықтату – баланы талдырып ұйықтату деген сѳз.
              Тербетіліп  ұйықтатылған  бала  ұйықтап  жатқан  жоқ.  Талып
              жатыр.  Ѳзіңді  бір  нәрсеге  тас  қылып  байлап  тұрып,  ерсіл-
                                          27
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36