Page 29 - Педагогика
P. 29
шымқап, үлбіретіп ѳсірудің де қажеті жоқ. Бұлай ѳскен бала
аурымпаз болады. Шынықтырамын, денесін берік қыламын
деп, жалаңаш-жалпы ұстау да жарамайды. Шынықтырамын
деп жүріп, ауруға шалдықтырып, жазатайым ѳлтіріп алуы да
мүмкін. Киім дененің жылылығын сыртқа, сырттың суығын
денеге жібермейтіндей болуы керек. Сондықтан да, бала киімі
жұмсақ, жеңіл нәрседен тігілуі қажет.
Бала киімін үлкен кісілер киімімен бірге жууға жарамайды.
Үлкен кісі киімінен бала киіміне бір нәрсе жұғуға мүмкін.
Жеткен адам денесіне зиян келтірмеген нәрсе жас баланың
денесіне зиян келтіруі оп-оңай. Баланың киімі қолпылдаған
кең, денені қысып тұрғандай тар да болмасын, шақ болсын.
Балаға биік ѳкшелі етік кигізу, белін белбеумен қысып тастау
жарамайды. Жалпы айтқанда, бала киімі әдемі болсын деп
емес, ыңғайлы болсын деп білу керек.
Бѳлеу һәм бесік. Педагогика ғалымдары бала бѳлеуге
атымен қарсы. Баланың дұрыс ѳсуіне, қаны жүруіне, асы
сіңуіне кесел деп кѳп дәлелдер кѳрсетеді. Бұл дәлелдердің
салмақты екендігіне талас жоқ. Бірақ қазақ тұрмысы кѳзінен
қарағанда бѳлеуден безуге бола қоймас. Кѳшпелі абыр-сабыр
тұрмыста бѳлеудің пайдасы да болып шығар. Әңгіме бѳлей
білуде. Тас қылып бѳлеп тастасаң, қанын тоқтатпақ түгіл,
жанын да шығарып аларсың. Саулығына зиян келтірмей бѳлеу
туралы ой жүгірту үшін бесік хақында сѳз қозғамай болмайды.
Қазақ бесігі – аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жѳргегі,
тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен баланың таза,
жинақ жатуына кѳп себепші. Бірақ әңгіме мұнда, осы бесікке
баланы қалай бѳлеу керек. Қазақ қатыны баланы жѳргекке
орап, бесікке екі жерден кеудеден бір, аяқ үстінен бір тас
қылып таңып тастайды. Бұлай таңып тастау, әрине, балаға
зиянды. Баланы бесікке бѳлейтін болсақ, осы зияннан қалай
құтыламыз?
Маған мынадай бір ой келді, баланы екі жерден қысып, қан
жүруіне кесел қылмас үшін, тартпаны кеңейту жолын
25