Page 32 - Педагогика
P. 32

қарсыл  шайқап-шайқап  тербетіп-тербетіп  талдырып  тастаса,
        жақсы  болар  ма?  Қазақ  әйелі!  Балаңда  қасың  болмаса,
        тербетпе  баланы.  Бесік –  баланың  жататын  орны.  Естен
        тандырып,  талдыратын  орны  емес.  Осыны  ұғыну  керек,
        ұғу керек.
           Ұйқы.    Ұйқысы    тыныш    болу   үшін   баланы    кѳзді
        шағылыстыратын жарығы жоқ, құлақты жаратын айғайы жоқ
        жерде  ұйықтату  керек.  Әсіресе  кенет  айқай  болмасын.
        Баланың  тыныш  ұйықтауына  себеп  болатын  бір  нәрсе –
        баланы  белгілі  бір  уақытта  ұйықтату.  Және  баланы
        жаратылыстың  ѳзі  ұйқы  үшін  белгілеген  уақытында  яғни
        түнде ұйықтату керек. Баланы түнде ұзақ ояу отырғызу дұрыс
        емес. Баланы тамақ берісімен ұйықтату тіпті жѳнге келмейді.
        Ұйқысы  тынышсыз  болады,  һәм  саулыққа  зиян.  Тамаққа  тоя
        сала  ұйықтату –  біздің  жалпы  зиянды  әдетіміз.  Ұйықтағанда
        дененің,  мүшенің  бәрі  демалатын,  тыншығатын  уақытта,
        асқазанға  сен  тынықпа,  мынау  жеп-ішкеніңнің  бәрін  сен
        қайнатып  денеңе  сіңіріп  қой  деу  тіпті  жѳнге  келмейтін  бір
        зорлық  емес  пе?  Ол  сорлы  қайтсін,  бұл  қызметті  атқара
        алмайды.  Міне,  осындайдан  асқазан  бұзылып,  адамда  неше
        түрлі аурулар пайда болады.
           Жас  бала  тіпті  кѳп  ұйықтайды.  Жаңа  туған  бала  ұйқыдан
        тамақ  үшін  ғана  оянады.  24  сағат  бір  тәуліктің  20  сағатын
        ұйқымен оздырады.
           Бала жарты жас шамасында әжептәуір уақыт ояу отырады.
        Әйткенмен  де  екі  жасқа  қарағанша  ояуынан  ұйқысы  кѳп
        болады. 2–3 жасар бала күндіз 1–3 сағат, түнде 9–12 сағат, 4–5
        жасар  бала  күндіз  сирек  ұйықтағанымен,  түнде  10–11  сағат
        ұйықтайды. 6–7 жасар бала 8–10 сағат, 12–13 жасар бала 8–9
        сағат  ұйықтайды.  Жеткен  адамға  6–7  сағаттан  артық  ұйқы
        дұрыс емес.
           Қозғалуы.  Адам  денесі  қозғалуды  тілейді.  Адам  неғұрым
        жас болса, солғұрлы қозғалуды кѳп тілейді. Екі жасар дені сау
        бала  бір  минут  тыныш  отыра  алмайды.  Күні  бойы  шаршау
                                     28
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37