Page 34 - Педагогика
P. 34

мал  баласы  да  оңбайды  ғой.  Адам  баласы  мал  баласы  емес,
        баланы  жақсылап  бағу  керек.  Баланы  қолынан  ұстап  тәй-тәй
        қылуды  дұрыс  деуге  болмайды.  Денесінің  бір  жеріне  зиян
        келтіруге  мүмкін.  Кейбір  ата-ана  баланың  тәй-тәй  болғанын
        қызық  кѳріп,  тәй-тәй  болғысы  келмей  орнынан  тұрмай
        отырған баланы еріксіз тұрғызып тәй-тәй қылады. Бұл істері,
        әрине,  қате.  Балаға  итарба  жасап  беру  дұрыс  емес  демейміз.
        Бірақ  итарбамен  зорлап  жүргізбе  дейміз.  Жағалағысы
        келгенде  үстелді  бала  ѳзі-ақ  жағалайды  ғой.  Итарба  да
        баланың  жанында  жай  тұрсын.  Жүргісі  келсе  бала  ѳзі  де
        жүреді.  Шеше  бірақ  байқап  отырып,  баланы  арбаға  дұрыс
        ұстатқызып жіберсін. Тоғыз ай мен он алты ай арасында бала
        жүруге үйренеді. Есте болу керек, баланың мешел болуы тәй-
        тәй  кеш  болғандықтан,  итарбасы  болмағандықтан  емес,
        аурулы болғандықтан. Балам мешел болмасын десең, балаңды
        дұрыс күт...
           Серуен.  Ылғи  үйде,  нашар  ауада  бала  құп-қу,  нашар,
        меңіреу  болады.  Сондықтан  баланы  күн  сайын  таза  ауаға
        серуенге  шығарып  тұру  керек.  Киіз  үй  ашық  ауамен  бірдей.
        Киіз  үйдегі  баланы  шығарсаң  да  бір,  шығармасаң  да  бір.  Ал
        еңді  қазақтың «қысқы  үй»  деп  аталған  үңгіріндегі  баланы
        әлсін-әлсін серуенге шығарып тұрмай болмайды.
           Үй  саулыққа  дұрыс  салынған  болса  да,  баланы  серуенге
        шығарып  тұру  керек.  Себебі  үйдің  ауасы  бұзылып  отырады.
        Алты  ай  толмаған  баланы  қыстыгүні  серуенге  шығару
        жарамайды.  Баланың  саулығы  нашар  болса,  доқтырлар  бір
        жасқа  толмай  қыстыгүні  шығаруға  қоспайды.  Күзгі,  жазғы 2
        градустық  салқында  бір  жылдық  баланы  күн  сайын  15–20
        минут  серуенге  шығаруға  болады.  Ал  енді  2  жастан  былай
        баланы күн сайын кем дегенде 15–20 минут серуенге шығарып
        отыру  керек.  Жаңа  оянған  яки  шомылдырылған  баланы  су
        жаялықпен  серуенге  шығару  дұрыс  емес,  серуенге  шығаруға
        нағыз қолайлы уақыт – түстен кейінгі 2–4 сағат арасы.
           Тісеу.  Тісеу –  баланың  дене  тұрмысында  зор  ѳзгеріс.  Жас
                                     30
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39