Page 35 - Педагогика
P. 35
иекті жарып бірінші тісі 6–8 ай арасында шығады. Иекте
тамыр кѳп болғандықтан, тісей бастағанда бала әжептәуір
ауырады. Ұйқысы тынышсыз, бас-аяғы ыстық болады. Аузынан
сілекей шұбырады. Бала әлсін-әлсін қолын аузына сала береді.
Мұндай уақытта баланы таза ауа, серуенге жиі шығару керек.
Жылы суға жиі-жиі шомылдыру керек. Балаға тісі тѳмендегі
ретпен шығады. Тісі тѳрт түрге бѳлінеді.
Бірінші түр – күрек тіс. Саны 8 болады. 5–12 ай арасында
шығады. Екінші түр – ит азу. Саны – тѳрт. 12–16 ай арасында
шығады. Үшінші түр – ас азу. Саны – 4, 17–20 ай арасында
шығады. Тѳртінші түр – түпкі азу. Саны – 4, 20–24 ай
арасында шығады. Міне, осымен баланың 20 сүт тісі болған
болды. 7 жаста бұл сүт тісі түсе бастап, 7–11 жас арасында
балаға дәйімгі тісі шығады. Яғни жаңағы айтылған – 20 тісі
түсіп қайта шығып, олардың үстіне тағы азу қосылады. 12
жаста тағы тѳрт азу шығады. Сѳйтіп, дәйімгі тістің саны 28-ге
толады. 22–25 жас арасында тѳрт азу шығады. Мұны ақыл
азуы дейді.
Баланың сүт тісі ѳте нәзік болады. Ыстық та, суық та
жарамайды. Қатты асты шайнай алмайды һәм бұзылымпаз
келеді. Сондықтан баланың тістерін таза ұстау керек. 3 жастан
былай тамақ берген сайын баланың аузын жуып отыру керек.
Тісті жаман бұзатын нәрсе – тәтті. Жас балаға тәтті беруге
жарамайды. Біраз ѳскен соң беруге мүмкін, бірақ аз һәм сирек
беру керек.
31