Page 38 - Педагогика
P. 38

системасы мен ми іскерлігінің бір түрі дейді. Яғни жан деген
        жеке зат жоқ, жан деген – дененің бірлігі деген сѳз. Бұл пікір
        «материализм» деп аталады.
           Үшінші  пікір –  жан  деген  жан  кѳріністерінің  жиынтығы
        дейді.  Яғни  жан  деген  ойлау,  сезу  һәм  барлық  жан
        кѳріністерінің  жалпы  аты  дейді.  Бұл  пікір «феноменализм»
        яғни эмпиризм деп аталады. Қайткенмен де адамзат бұл күнге
        шейін  жанның  не  зат  екенін  біле  алған  жоқ.  Жанның  не  зат
        екені   білінбеуінен   жанның   барлығына    қүмән   қылуға
        болмайды.  Жан  бар.  Барлығы  сол –  оның  істері,  кѳріністері
        бар.  Ақша  қарда  жосылып  жатқан  айқын  ізге  түссек,
        алдымызда  аңның  барлығына  күмән  қыламыз  ба?  Бұ  да  сол
        сықылды,  жалғыз-ақ  айырма  мынау  –  ізіне  түсіп  зерттеп
        отырып  адамзат  аңды  баяғыдан  бері  соғып  келсе  де,  жанға
        жете  алған  жоқ.  Яғни  істері,  кѳріністері  бойынша  жанның  не
        зат екенін қанша білмекші болса да, әлі күнге біле алғаны жоқ.
        Бірақ бұдан бала тәрбиесі ақсамайды. Баланың жанын жақсы
        тәрбие  қылу  үшін  жанды  кѳзбен  кѳріп,  қолмен  ұстамай-ақ,
        оның істерін, кѳріністерін жақсы тексеру жетеді.




























                                     34
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43