Page 41 - Педагогика
P. 41
ЖАН КѲРІНІСТЕРІ МЕН ДЕНЕ
КѲРІНІСТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
БАЙЛАМ
Ж ан кѳріністері мен дене кѳріністері арасында қанша
айырма болғанымен, араларында тіпті жақындық
жоқ емес, қайта бірлік, байлам бар. Дене жанға, жан денеге
байлаулы, біреуінің біреуінсіз күні қараң.
Ѳзімізге мәлім: денеміз сау болса, жанымыздың ісі де сау,
жақсы болады. Яғни ақылымыэ түзу, сезіміміз дұрыс,
қайратымыз берік болады. Егерде денеміз ауру болса, яки
жұмыс қылып шаршаса, жанымыз да ауру, жанымыз да
шаршайды. Басқа ауру, мидың ауруы жан ісіне жаман әсер
қылады. Нашар ауа басты айналдырып, қанды дұрыс
жүргізбей, денеге әсер қылады да, жанға барып қол салады.
Яғни жанның ісі шабандайды, бұзылады. Ой күңгірт тартады,
сезім топастанады. Қайрат жасиды. Денең салбырап ауырған
кезде ыстық қою шайды ішіп жіберсең, денең жадырап кетеді.
Денең жадырап кеткен соң, жаның жадырап кетеді. Бұл
мысалдармен біз жанның денеге байлаулы екенін кѳрсеттік. Ал
еңді дене де жанға байлаулы, жан кѳріністері денеге қатты әсер
береді. Адамның кѳзқарасы, дауысы, аяқ басуынан жанның
қандай күйде екені кѳрініп-ақ тұрады. Қайғы һәм ойлау денені
жабықтырады, қуаныш адамды күлдіреді. Бетке қан жүгіртеді.
37