Page 44 - Педагогика
P. 44
ашуланам деп ойлай бастасаң, ашуың біте қалады. Міне, ѳзін
бақылаудың оңай емес екендігі осыдан кѳрінеді.
Әйткенмен де, жан кѳрінісі артық күшті болмаса, ѳзін
бақылауға болады. Мысалы, жеңіл ашуланып отырған адам
сол ашуының себебін тексеріп отыруға мүмкін.
Бірақ ѳзін бақылау деген сѳздің шын мағынасы – ѳткенді
еске түсіру деген сѳз. Мысалы, ашу деген жан кѳрінісін
бақылау үшін біз бұрын ѳткен бір ашуымызды, яғни бұрынғы
бір ашуымыздың не себептен туғанын, қалай күшейгенін,
қандай мінезді болғанын һәм қалай басылғанын еске түсірсек,
сол уақытта біз ашу деген жан кѳрінісін ѳзін бақылаған
жолмен бақылаған боламыз. Ѳзін бақылау деген сѳз – бұл
мағынада бұрын болып озған жан кѳріністерін еске түсіріп
тексеру деген сѳз болып шығады. Адамға ѳзін-ѳзі тексеру,
ѳзіне-ѳзі есеп беру деген оңай нәрселер емес. Ѳзін- ѳзі
тексеріп, қаталарын кѳруге адамның менмендігі бѳгет болады.
Әйткенмен де, бұл адамның ѳзін-ѳзі тексеруі – оның жан
тұрмысының ѳркендеуіне, түзу жолға түсуіне бірінші шарт. Ѳз
қатасын кѳре білген адам келешекте сол қатаны істемеуге
ұмтылады Адамның ѳзін-ѳзі яғни ѳз қатасын ѳзі кѳре білуі
оның жанының идеалға, қасиетті қияға ұмтылатын мінезі
барлығын кѳрсетеді.
Міне, осы себептен зор жазушылардың ѳздері жазған
әсерлеріне кѳңілі толмайды. Қайта-қайта түзейді. Жазаласа,
ѳртеп, жыртып та жібереді. Жалба-жұлба киім киіп, аш-
жалаңаш жүретін бұзақылық, күнә деген нәрсені білмейтін
дуаналардың ѳз кеуделерін ѳзі жұдырықтап:
Кешіре гѳр, құдайым,
Кѳп қой менің күнәйім,–
деп зарлаулары ѳздерін тым тексеріп, кішкене қаталарын
тым зор кѳріп жіберулерінен, жандары ұмтылатын қияның
тым биік болуынан ғой. Дұрыс, адамның бәрі дуана
болмағанмен, ѳзін тексермесе, адам ілгері баса алмайды.
Ѳзінен ешбір кемшілік кѳрмей, қата таппай, ѳзіне-ѳзі риза
40