Page 47 - Педагогика
P. 47
аяғы қозғалмай қалады, яғни «паралич» болады. Мұны біздің
қазақ «пері соққан» дейді. Яки тілі, кеңірдегі сау болып тұрса
да, сѳйлей алмай тілсіз болып қалады. Яғни афазия ауруы
пайда болады.
Ал енді мидан шығатын нервілер телеграмның сымы
сықылды мидан денеге, денеден миға бұйрық тасиды. Бұл
нервілер қызметтеріне қарап екіге бѳлінеді. Біреулері әсерді
сыртқы дүниеден, яки денеден ордаға, яғни миға алып барады.
Бұл нервілер сезу нервілері, яки ордаға ұмтылатын нервілер
деп аталады.
Бұл нервілер арқылы біз салқын, жылымық, жарық, дауыс
сықылды сыртқы дүние кѳріністерін білеміз. Ал енді біреулері
әсерді ордадан нервінің ұшына алып барады. Бұлар қозғау
нервілері, яғни ордадан қашатын нервілер деп аталады. Бұл
нервілер арқылы біз қол-аяқ һәм бар денемізді қозғаймыз.
Егерде бір мүшенің сезу нервілері кесілсе, мысалы, саусақтың,
ол уақытта саусақ еш нәрсені сезбейтін болады. Егерде,
мысалы, саусақтың қозғау нервілері кесілсе, ол уақытта саусақ
тіпті қозғалмайтын болады.
Нерв системасының саулығын сақтау
Жоғарыда айтылғаннан нерв системасының қандай нәзік
һәм қандай қымбат екендігі ашық кѳрініп тұр. Олай болса,
жалпы нерв системасын, әсіресе миды сау қылып ұстап, оған
зиян келтірмеске керек... Мысалы, балаға миға зақым
келтіретін ойын ойнауға жарамайды. Және баланы басқа ұру
жарамайды.
Балаға насыбай атқызуға, шылым тартқызуға жарамайды.
Біздің қазақтың кейбір атқа мінгендерінің жап-жас баласына
шылым тартқызып, «қарағымның аузынан түтінді пәлен
тѳредей шығаруын қарашы» деп қарқ-қарқ күліп мәз
болатындары бар. Мұның надандық, есерлік екендігінде не сѳз
бар? Балаға алкоголь, яғни мас қылатын арақ тұқымды нәрсені
ішкізудің дұрыс еместігі ѳз-ѳзінен белгілі тұр.
Нерв системасын ѳсіру һәм берік қылу
43