Page 51 - Педагогика
P. 51
АҚЫЛ КѲРІНІСТЕРІ ЯКИ ЖАННЫҢ
БІЛУІ
ӘСЕРЛЕНУ
Ә серлену ұғымы. Нерв системасы алып келген әсерді
жанның ұғуы, аңдауы әсерлену деп аталады. Жан
алдымен білімді осы әсерлену арқылы алады.
Әсерлену кѳрінісі қалай болады? Әсерлену кѳрінісінің
болуы былайша: сыртқы дүниедегі бір зат біздің денемізге,
яғни нервінің ұшына (периферия нервілеріне) әсер қылады.
Мысалы, дауыс құлақ нервісіне әсер қылады. Осы әсерді нерв
орда нервіге, яғни миға алып барады. Ми осы келген әсермен
әсерленеді, яғни мида бір аңдау пайда болады. Міне, осы нерв
системасы алып келген әсерді жанның аңдауы – әсерлену деп
аталады.
Әсерлену кѳрінісінің болу шарттары. Жанда әсерлену
кѳрінісі болу үшін тѳмендегі шарттар табылу керек.
1) Әсер білінгендей күшті болсын. Яғни әсер тым әлсіз
болса, яки тым күшті болса, әсерлену болмайды. Мысалы,
бетке шаң қонады. Сол шаң беттегі нерв ұштарына, әрине, әсер
бермей қоймайды. Бірақ бұдан әсерлену болмайды. Яғни жан
бетке шаң қонғанын білмейді, аңдамайды. Мұның себебі
әсердің тым әлсіз болғаны. Және әсер тым күшті болса да,
әсерлену болмайды. Мысалы, күшті дауыс құлақты
47