Page 48 - Педагогика
P. 48

Нерв системасының сау болуы керек болған сықылды, оның
        дұрыс  ѳсуі  һәм  берік  болуы  да  керек.  Бар  дененің  жақсы
        ѳсуінің  шарты  денені  тек  жатқызбай  жұмыс  қылдыру  болса,
        нерв  системасының  жақсы  ѳсуінің  һәм  берік  болуының  да
        шарты  сол.  Нерв  системасына  әсіресе  миға  істететін  жұмысы
        сол мидың ѳсу дәуірлеріне тура келетін болсын. Есте болсын,
        адамның бар денесі бастапқы кезде ѳсуді ғана біледі. Біраздан
        қозғалымпаз һәм сезімпаз болады. Ұлғая келе ғана адамда есті
        тұрмыс  басталады.  Сондықтан  балаға  бастапқы  кезде  оның
        сыртқы  сезімдерін  ұлғайтатын  һәм  дене  мүшелерін  кѳп
        қозғалтатын   жұмыстар     істету   керек.   Сурет   салдыру,
        жабыстыру (балшықтан  түрлі  заттар  жасау),  қол  еңбегі  һәм
        гимнастика  сықылды.  Мұнан  соң  бала  ұлғая,  ѳсе  келе  оның
        істейтін  жұмыстары  да  тереңдей  беру  керек.  Қысқасы,  нерв
        системасының тәрбиесі дененің ѳсуіне қабысып отыруға тиісті.
        Белгілі жолдармен басқыштап тәрбие қылынған ми сау, ѳткір
        һәм  талмайтын  берік  болады.  Миын  іскер  қылып  үйренген
        адам қартайып, бар денесі қаусап іске жарамай отырған күнде
        де сау милы, дұрыс ойлы болады. Ал енді «жасыңда қылжың
        болсаң, ѳскенде мылжың боларсың» деген мақал ып-ырас.
           Мидың  қажуы  һәм  оны  тынықтыру.  Ми –  дененің  бір
        мүшесі. Ол жұмыссыздықтан қажыған сықылды жұмыстан да
        қажиды.  Қажыған  соң  тынығуды  керек  қылады.  Миды  бет
        алдына  жұмсай  беру  күшін  азайтады,  хатта  оны  паралич
        соғып, адам есалаң болып қалады. Денемен жұмыс қылсаң да,
        мидың  ѳзімен  жұмыс  қылсаң  да,  мида  бір  у  пайда  болып
        отырады.  Сол  уды  қан  жуып  алып  кетіп,  миды  тазартып
        отырады.  Егерде  жұмыс  тым  қатты  болса,  миға  у  тым  кѳп
        жиылады  да,  қанның  жуып  алып  кетуіне  шамасы  келмей
        қалып,  нерв  системасының  бәрі  уланады.  Және  миға  қатты
        жұмыс  істеткенде,  қан  миға  ұмтылып,  ѳзге  дене  ашығып
        қалады да, әлсірейді, сола бастайды. Міне, осы себептен ақылға
        жұмыс қылдырғаннан кейін әр уақыт тынығып отыру керек.
           Тынығу  екі түрлі  болады:  не  біржола  жұмысты  доғару,  не
                                     44
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53