Page 49 - Педагогика
P. 49
болмаса жұмысты жаңарту. Жұмысты жаңартқанда да, яғни
бір жұмыстың орнына екінші жұмыс қылғанда да адам
тынығады. Мысалы, кѳру жұмысынан соң (оқу, жазу) есту
жұмысына кѳшсе (әңгіме тыңдау), бала әжептәуір тынығып
қалады. Әйткенмен бұл тынығу жұмысты біржола доғарып
тынығуға жетпейді. Әсіресе жас балаларды жиі-жиі жұмыссыз
тынықтыру керек. Ал енді тынығу уақытында бала не қылады?
Бұған жауап беру үшін мынаны білу керек: бала қозғалмай
отыра алмайды. Баланы ең қажытатын нәрсе – тек отыру.
Сондықтан баланы тынықтыру дегенде оны таза ауада ойнату,
таза ауада гимнастика жасату деп ұғу керек. Ойын һәм
гимнастика туралы алдымызда тағы сѳз қозғармыз.
Жан кѳріністерін тап-тапқа бѳлу
Жан кѳріністері қанша түрлі болғанмен, оларды түп
негіздері бойынша үш тапқа бѳлуге болады: білу яки ақыл
кѳріністері, ішкі сезім кѳріністері һәм қайрат кѳріністері.
Қазақтың данышпаны Абай бұл үш тапты ақыл, жүрек,
қайрат деп атайды. Біз бір заттың яки кѳрінісінің сынын
белгілейміз, заттар яки кѳріністер арасындағы байламды яки
айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз.
Бұл – ішкі сезім ісі. Біз бір істі істемекші боламыз, бір
мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл – қайрат ісі.
Жан тұрмысының бірлігі. Адамның жан кѳріністері
жоғарғы үш тапқа бѳлінгенімен, бұл үш тап бір-біріне
жуымайтын емес, бұл үш таптың арасында берік байлам бар.
Яғни адамның жан тұрмысында бірлік бар. Екінші түрлі
айтқанда, адам бір іс істегенде, осы үш тап жан кѳріністерінің
үшеуі де қатынасады. Мысалы, біздің бір саусағымыз ауырды.
Сонда біз саусағымыздың ауырғанын сеземіз. Бұл – ішкі сезім
ісі. Саусақтың ауырған себебін тексереміз. Бұл – ақыл ісі. Сол
ауруды жеңілдетуге, бітіруге, жазуға ұмтыламыз. Бұл – қайрат
ісі. Ал енді адамның әрбір ісіне осы үш тап жан кѳріністерінің
үшеуі қатынасатын болғандықтан, сол ақыл, ішкі сезім, қайрат
үшеуін бірдей тең тәрбие қылу – тәрбиешінің міндеті. Бір
45