Page 46 - Педагогика
P. 46

ЖАН  ТҰРМЫСЫНЫҢ  ТҮЗУ   БОЛУ
                             ШАРТТАРЫ











        Ж         ан тұрмысының, жан кѳріністерінің түзу, сау болуы

                  үшін нерв системасының сау болуы шарт.
           Нерв системасы
           Жан  тұрмысын  жарыққа  шығаратын  жан  мен  дене
        арасында тіл хатшы болатын құрал, жан мен денені бір-біріне
        байлайтын  байлам-нерв  системасы  деп  аталады.  Нерв
        системасы екі бѳлімнен тұрады: орда бѳлім (ми, жұлын) һәм
        бұтақ  бѳлім.  Нерв  системасының  бәрінің  түбі –  бастағы  ми.
        Мидан 12 егіз нерв шығады. Бұл нервілер мидан шығысымен
        бұтақтанады.  Онан  соң  бір-біріне  қосылады,  бір-бірімен
        топталады. Барып-барып тағы бұтақталып, денеге жайылады.
        Бұлардың  кейбіреулері  теріге  барып  бітеді.  Кейбіреулері
        сыртына  шығып,  жат  бір  түрде  шоғырмақталып  бір  құрал
        болып, аппарат болып бітеді.
           Нерв системасының қызметі
           Нерв системасының ағасы, биі – ми. Ми – жанның құралы.
        Жан  ми  арқылы  сыртқы  дүниеде  һәм  ѳз  денесінде  не  болып
        жатқанын біледі. Миды жұмсап, жан денені қозғайды. Егер ми
        зағып  болса,  яки  зиянданса,  адамның  жан  тұрмысы  дұрыс
        болмайды.  Мидың  белгілі  бір  жері  зиянданса,  адамның  қол-
                                     42
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51