Page 45 - Педагогика
P. 45

болып,  мәз  болып  жүретін  адам  зор  адам  емес,  шѳбір  адам
              болады. Жаны жабайы, ауданы тар болады.
                 Бақылау
                 Жан  кѳріністерін  үйренудің  екінші  жолы –  бақылау,  яғни
              бір  адамның  ѳзінен  басқа  адамдардың  жан  кѳріністерін
              бақылауы. Бірақ, біз жоғарыда айтып ѳткеміз, жан кѳріністерін
              сыртқы  сезімдермен  бақылауға  болмайды  деп.  Сондықтан
              басқа  адамның  жан  кѳріністерін  бақылау  дегенде  оның  жан
              кѳріністерінің  сыртқы  белгілерін  бақылау,  тексеру  керек  деп
              ұғу  керек.  Мысалы,  біреудің  пішініне,  қозғалуына,  сѳзіне,
              жүріс-тұрысына  қарап,  бақылап,  солар  бойынша  жан
              кѳріністерін тексереміз.
                 Біз  егер  ѳзін  бақылау  жолымен  басқа  адамдардың  жан
              кѳріністерін  бақыламасақ,  біздің  жан  кѳріністері  туралы
              біліміміз толық болмас еді. Сондықтан байқауы кѳп адам бір
              адамның  пішінінен,  жүріс-тұрысынан,  бір-екі  ісінен,  біраз
              сѳзінен  ол  адамның  қандай  мінезді  екенін  біліп  ала  қояды.
              Мүмкін  болғанша  тәрбиешінің  шыншыл «физиономист»
              болуы керек.




























                                          41
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50