Page 54 - Педагогика
P. 54

болады. Дене ауру болса, әсерлену жұғымсыз болады. Мысалы,
        ауру адамға еш нәрсе ұнамайды. Нағыз жұғымды әсерленулер де
        оған ләззат бермейді. Кейбір аурулар тіліне бұрыш яки насыбай
        салғанда, хатта аяғын кескенде аурудың не екенін сезбейді. Есалаң
        адам ѳз денесін ѳзі тас-талқан жара қылса да, ауруды білмейді.
           Әсерленулерді  орындастыру.  Әсерлену  орда  нервте,
        мида,  жұлында  ғана  болса  да,  денеміздің  қай  жеріне  әсер
        болса,  біз  әсерленуді  сол  жерге  алып  барамыз.  Мысалы,
        саусағымызды  суық  затқа  тигізгенде,  суық  саусаққа  әсер
        бергендіктен,  біз  суық  әсерленуін  саусаққа  алып  барып
        жапсырамыз.  Яғни  саусақ  тоңды  дейміз.  Міне,  осы  әсер
        денеміздің  қай  жерінде  болса,  сол  жерге  әсерленуді
        орындастыру.
           Перцепция.  Әсерленуді  туғызған  себепті  яки  затты  табу
        перцепция деп аталады. Мысалы, біз бір саусағымызды шоққа
        басып  алып  күйдіріп  алсақ,  біздің  жанымызда  күю  әсерленуі
        пайда  болады.  Сол  уақытта  біз  алдымен  қай  жерде  әсер
        болғанын  табамыз (локализация),  одан  соң  не  себептен  бұл
        әсерлену  болғанын,  яғни  саусақты  шоққа  басып  алғаннан
        мынау әсерленудің болғанын ойлап табамыз (перцепция).
           Апперцепция.        Әсерленуді      бұрынғы       болған
        тәжірибелермен  толықтыру  апперцепция  деп  аталады.
        Мысалы, біз бір шағым қант кѳрсек, соның бір ақ зат екендігі
        туралы  әсерлену  алып,  осы  әсерленуді  бұрынғы  тәжірибемен
        яғни  қанттың  қаттылығы,  тәттілігі  һәм  суға  салғанда
        еритіндігін еске түсіріп толықтырамыз.
           Перцепция     мен   апперцепция     арасындағы    байлам
        мынадай:  перцепция  неғұрлым  күшті  болса,  апперцепция
        сонша әлсіз болады. Һәм керісінше, апперцепция күшті болса,
        перцепция  сонша  әлсіз  болады.  Мысалы,  бір  затты  ең  алғаш
        кѳргенде  бізде  перцепция  күшті.  Кѳп  кѳргенде  апперцепция
        күшті.
           Ал  енді  апперцепция  перцепцияны  тіпті  жеңіп  кететін


                                     50
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59