Page 55 - Педагогика
P. 55
болса, ол уақытта адамда иллюзия яғни сезім алдауы пайда
болады.
Иллюзия – болып тұрған әсерленуді бұрынғы әсерлену
жеңіп кеткенде болатын сезім алдауы. Келе жатқан бір кісіні
екінші біреу деп ойлап қалу, шілікті қасқыр деп білу, міне,
осылар – иллюзия. Аристотель тәжірибесі яғни орта саусақ
пен сұқ саусақты айқастырып (ортаны сұқтың үстіне салып),
екеуінің арасында бір домалақ нәрсені домалатқанда, әлгі бір
домалақ нәрсенің екеу болып кѳрінуі, бұ да иллюзия. Екі
қолымызға екі ыдыс алсақ, екеуі бір-біріне тіпті ұқсас болса,
екеуі де бір нәрседен жасалған болса, екеуінің салмағы да
бірдей болса, бірақ екеуінің зорлығы екі түрлі болса, осы екі
ыдысты біз екі қолымызбен кѳтерсек, бізге зор ыдыс жеңіл
кѳрінеді. Мұның себебі – біз зор нәрсенің салмағы ауыр
болатындығына әдеттенгенбіз. Зор ыдысты кѳтермекші
болғанда біз мұның салмағы ауыр ғой деп күшті кѳп
даярладық. Бірақ күткеніміздей күшіміз кѳп жұмсалмай
қалды. Сондықтан зор ыдыс бізге жеңіл болып сезіліп отыр.
Міне, бұ да иллюзия.
Бала әсерленулері мен жеткен адам әсерленулері
арасындағы айырма. Бала әсерленулері бастапқы кезде
тұманды болады. Бала әсерленудің ішін де, күшін де айыра
алмайды. Және бала локализация, перцепция һәм
апперцепцияны да жасай алмайды. Айталық, баланың қолы
ауырады екен, бала құр жылайды, тынышсызданады. Яғни
балада ауру әсерленуі болады. Бірақ бұл әсерлену қай жерден
болып тұр, оны білмейді. Ауырған жерінің аяқ екенін
білмейді, яғни әсерленуге локализация жасай алмайды. Және
осы аурудың не себептен болғанын білмейді, яғни перцепция
жасай алмайды. Балада апперцепция жоқ. Сондықтан шоққа
қолын басып алады. Шыр ете түсіп, тағы апарып басады. Бұл
істерге бала бірте-бірте, әсіресе сипау һәм кѳру сезімдері
арқылы үйренеді. Шоққа қолын кѳбірек басса, күю қолда
51