Page 56 - Педагогика
P. 56
болғанын, оны күйдірген шоқ екенін, шоқтың күйдіретіндігін
біледі.
Әсерленуді бѳлу. Барлық әсерленулер екіге бѳлінеді:
жалпы сезім яки дене әсерленулері һәм сыртқы сезім
әсерленулері.
Жалпы сезім яки дене әсерленулері. Дене әсерленулері
денеміздің қандай күйде екенін білдіреді. Дене әсерленулерін
былай бѳлуге болады: 1) ет әсерленулері (кесіп, соғып алғанда,
ұйып қалғанда, шаршағанда, демалғанда болатын
әсерленулер); 2) нерв әсерленулері (нервтің солуы һәм ауруы,
саулық әм жадырау әсерленулері); 3) тамақтану һәм қан жүру
әсерленулері (ашығу, сусау, жүрек айну һәм жүрек ауырғанда
болатын әсерленулер); 4) дем алу әсерленулері (тұншыққанда,
жѳтелгенде, таза ауаға шыққанда болатын әсерленулер); 5)
жылылық, суықтық әсерленулері.
Бұл дене әсерленулерінің адамның дене тұрмысына
болмаса, білу-ақыл тұрмысына артық пайдасы жоқ. Бірақ
бұлардың дұрыс тәрбие қылуы адамның ақыл тұрмысына да
әжептәуір әсер береді. Мысалы, ерке болып, тым бетімен ѳскен
бала дене тұрмысы кішкене ғана бұзылса да, айталық, бір
жеріне бір нәрсе тиіп кетсе де, кішкене жѳтелсе де, жылап,
тынышсызданып, мазаны алады. Бұл дене әсерленулерінің
жақсы тәрбие қылынбағандығынан.
Сыртқы сезім әсерленулері. Сыртқы сезім – 6: кѳру, есту,
иіскеу, тату, сипау, ет сезімі. Осы 6 сезім бізді сыртқы
заттармен таныстырады. Яғни олардың түсі, түрі, дәмі, иісі
һәм басқа сындарымен адам жанына түрлі білімді осы 6 сезім
береді. Бұлар түгел болмаса, адамның жан тұрмысы түгел
болмақ емес. Бұл алтаудың ішінде адамның жаны үшін аса
қымбаттары – кѳру мен есту. Бұлардан соңғы – сипау. Сипау –
ет сезімі. Ал енді иіскеу мен тату сезімі жан тұрмысы үшін аса
қымбат сезімдер емес. Бұлар кѳбінесе дене тұрмысына қызмет
қылады.
Сыртқы сезімдерді тәрбие қылу. Сыртқы сезім адамның
52