Page 60 - Педагогика
P. 60
бір олай, бір былай қосылуынан тұрады. Қазақ сѳзі 24-ақ
дыбыстан тұрады.
Баланың есту әсерленулері. Бастапқы кезде бала тіпті
естімейді десе болады. Мысалы, жаңа туған баланың бесігі
жанында айғай салып сѳйлескенде, оянбайды. Баланың есту
сезімі екінші, үшінші жетіде біліне бастайды. Тѳртінші жетіде
бала күшті дыбысқа селт етпесе, оның мылқау болғандығы.
Үшінші, тѳртінші айда балаға бесік жыры әжептәуір әсер
береді. Бұл уақытта бала дыбыстың жұмсақ, қоңырын, қатты,
тынышсызын айыратын болады. 4–5 айда бала дыбыстың
қайдан шыққанын біліп, дыбыс шыққан жаққа бұрылатын
болады. Алты айда дыбысты ѳзі тілеп тыңдайды. Бір жылдың
аяғында дыбыстарды түгел айырып, сѳздерді ұғып, хатта
сѳйлеудің тонын, ыңғайын да (ашулы сѳз, жылы сѳз) байқай
алады. Екінші жасқа қарағанда бала сѳз дыбыстарын ѳзі айта
алатын болады.
Есту сезімін тәрбие қылу. Баланың есту сезімін тәрбие
қылу – алдымен оның құлағын түрлі зияннан сақтау деген сѳз.
Мысалы, баланы қисық яки еңкейтіп ұстау жарамайды. Себебі,
басқа шапшыған қан құлаққа зиян келтіреді. Қатты дыбыс,
құлаққа суық тигізу, шомылдырғанда су жіберу жарамайды.
Құлық ағып, яки басқа түрлі баланың құлағы ауыра бастаса,
тез докторға емдету керек. Надан алдауыш дәрігерге емес,
ғылым иесі докторға. Әсіресе қызылшадан соң баланың құлағы
ауырымпаз болады. Қысқасы, ауру білінсе-ақ, емдету керек.
Баланың құлағын зияннан сақтаумен бірге баланың сақ
құлақ болуына да кѳмек кѳрсету керек. Құлақтың сақ, естімпаз
болуы үшін баланың түрлі дыбысты ести беруі шарт.
Сондықтан ана баланың жанында ешбір уақыт үндемей
отырмауы керек. Дұрыс, ол анасының сѳзін ұқпайды.
Әйткенде де әдеттене берсін. Біз айтпай-ақ, баласы еш нәрсені
ұқпаса да, баласын шын сүйген ана ѳзі-ақ айналып-толғанып
жатады ғой.
Қысқасы, балаға қандайда болса дыбыс естіртпей қою
56