Page 64 - Педагогика
P. 64

Шаңға, қанға бат.
           Айбатыңды,
           Қайратыңды
                       Кѳріп қарт анаң
           Тѳгіп жасын,
           Жайып шашың,
                      Тілер: «Бол аман!»
           Күтем, күйем,
           Кѳрсет, ием,
                      Сол алтын күнін.
           Ұйқың тәтті,
           Ұйқың қатты,
                      Қозым, құлыным.
           Жаным да сен,
           Тәнім де сен,
                      Қарашығым-ай!
           Әлди, бѳпем,
           Әлди, бѳпем,
                      Әлди, әлди, әлди-ай!


        Е     сту  сезімінің  жан  тұрмысына  керектігі.  Адамның

              дыбысы  жан  тұрмысына  байлаулы.  Жан  жат  болса,
        дауыс  та  жат  шығады.  Жан  күңгірт  болса,  дауыс  та  күңгірт.
        Жанның  терең  түкпірінде  жатқан  ыстық  сырларды  ашып,
        шешіп  беретін  адам  сѳзінен  қымбат  дүниеде  не  нәрсе  бар?
        Міне, бізді шет адамның жанымен шын табыстыратын нәрсе –
        осы есту сезімі.
           Бізді  сыртқы  жаратылыспен  таныстыратын  да  осы  есту
        сезімі.  Біз  егер  жануарлардың  шулауы,  бұлттың  күркіреуі,
        судың  сылдыры  сықылды  жаратылыстың  түрлі  әуенін
        естімесек, жаратылыс бізге жансыз, мылқау болып кѳрінер еді.
           Есту сезімі адамның кѳру сезіміне де кѳп кѳмек кѳрсетеді.
        Кѳз  нәрсенің  сыртын  кѳреді.  Құлақ  бізге  бір  заттың  ішін,
                                     60
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69