Page 69 - Педагогика
P. 69

іскерлігімізді  ѳзіміз  аударсақ,  міне  осындай  уақытта  болатын
              іскерлік ерікті іскерлік деп аталады.
                 Мысалы, біз қазір бір ѳлеңді жаттап алайықшы деп жаттап
              отырғанда  іскерлігімізді  ѳз  еркімізбен  ѳлеңге  жұмсап,  жан-
              жақта сѳйлесіп жатқан сѳздерді естімейміз.
                 2.  Іскерлік  табандылығына  қарап  екіге  бѳлінеді:  табанды
              іскерлік,  табансыз  іскерлік.  Бір  затқа  қажымай  қадалған
              іскерлік табанды деп аталады. Мысалы, жан-жаққа кѳз, құлақ
              салмай, бар дүниеден безіп үйрену үшін бір әнді қайта-қайта
              домбыраға  салып  отырған  жігітте  табанды  іскерлік  болып
              отыр.  Ал  енді  бір  затқа  тұрақтай  алмай,  бірінен-біріне
              секіретін  іскерлік  табансыз  іскерлік  деп  аталады.  Ѳзі  бір  әнді
              домбыраға  салып  үйренем  деп  отырып,  біресе  сѳзге  кірісіп,
              біресе  домбыра  тартып  отырған  жігітте  табансыз  іскерлік
              болып отыр.
                 3. Іскерлік тартатын заттың тұқымына қарай іскерлік екіге
              бѳлінеді:  ішкі  іскерлік  һәм  тысқы  іскерлік.  Сыртқы  дүние
              затына  жұмсалған  іскерлік  сыртқы  іскерлік  деп  аталады.
              Ѳзіміздің  бір  кѳрінісімізге  жұмсалған  іскерлік  ішкі  іскерлік
              деп аталады.
                 Баланың  іскерлігі.  Баланың  іскерлігі  жеткен  адам
              іскерлігінен кѳп тѳмен, кѳп нашар. 1. Баланың іскерлігі ерікті
              емес, еріксіз яғни бала ѳзі тілеп іскерлігін бір нәрсеге байлай
              алмайды.  Бір  нәрсе  еріксіз  тартса,  сонда  ғана  бала  іскер  бола
              алады.  2.  Баланың  іскерлігі  ішкі  емес,  сыртқы.  Яғни  сыртқы
              заттарға  ғана  іскер  бола  алады.  Ѳз  жанында  болып  жатқан
              кѳріністерге іскер бола алмайды. 3. Баланың іскерлігі табансыз.
              Бала  бір  нәрсеге  табанды  іскер  болам  десе  де,  бола  алмайды.
              Бір  нәрседен  екіншіге  әп-сәтте  ауып  жүре  береді.  «Жас  бала
              жеңсікқой, әуесқой» деп қазақ дұрыс айтады. Балада табанды
              іскерлік 11–12 жастарда ғана бола бастайды.






                                          65
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74