Page 71 - Педагогика
P. 71

қолайсыз  болмасын.  Денеге  қолайсыз  болса,  әсердің  қүші
              бітеді. Әсердің күші бітсе, іскерлік бітеді. Мысалы, бір нәрсеге
              қанша  іскер  болып  отырсаң  да,  отыруың  қолайсыз  болса,
              іскерлік   бітіп   қалады.   Баланы   партаға   жатқызбау,
              таяндырмаудың керектігі осыдан.
                 2. Әсер жеке болсын. Егер біздің кѳз алдымызда бір ғана зат
              тұрса, біз сол затқа іскерлікті кѳп жұмсап, тексеріп қараймыз.
              Егер  бірнеше  зат  тұрса,  іскерлігіміз  бытырап,  жақсы  қарай
              алмаймыз.  Бір  әсермен  әсерленіп,  соған  іскерлігін  жұмсап
              отырып,  екінші  әсердің  ѳзін  тыйып  қалу  балада  тіпті
              болмайтын  жұмыс.  Бала  бір  әсерден  бір  әсерге  тез  кѳше
              береді.  Сондықтан  балаға  сабақ  берген  уақытта  баланың
              алдында  оның  іскерлігін  бѳлгендей  беріліп  отырған  сабаққа
              жанасы, қатынасы жоқ ешнәрсе тұрмасқа тиіс. Балада жақсы
              оқысам,  молдадан  мақтау,  сый  аламын,  жаман  болсам,
              молдадан  таяқ  жеймін,  ұрыс  естимін  деген  ой  да  болмасын.
              Мұндай болса, баланың іскерлігі соған жұмсалып, мұғалімнің
              беріп  отырған  сабағын  білейін  деген  шын  ынтамен
              тыңдамайды.
                 3. Әсер жаңа болсын. Әсер неғұрлым жаңа болса, іскерлікті
              сонша кѳп тартады. Бір нәрсе қанша жат, қызықты болғанмен,
              ылғи кѳз алдымызда тұрса, біраздан соң ол біздің іскерлігімізді
              оятпайтын болады, біз оны байқамайтын боламыз. Сондықтан
              бала  іскер  болсын  десең,  балаға  әсерді  жаңалап  беріп  отыру
              керек.  Мысалы,  бір  сабақтың  артынан  екінші  түрлі  сабақ.
              Қазақтың ендігі жас балалары баяғы күн батқанша балдырған
              жас  балаларды  қалғытып,  мүлгітіп «әліпсін-ә,  әлбәсін-әй,
              әліптүр-әу»  дегізіп  шұлғытып  қоятын  надан  молдалар
              заманында тумағанына қанша шүкірлік қылса да аз-ау. Түрлі
              сабақты  ауыстырып  отыру  ғана  емес,  бір  сабақтың  ѳзін  де
              түрлендіріп,  жаңалап  беруге  болады.  Мысалы,  бір  харіппен
              таныстырғанда, мұғалім әуелі харіпті кѳрсетіп, онан соң кеспе
              харіптің  ішінен  тапқызады.  Онан  соң  жазғызады.  Қысқасы,
              баланың  іскерлігі  сѳніп  қалмас  үшін  әсерді  жаңалап  отыру
                                          67
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76