Page 75 - Педагогика
P. 75

СУРЕТТЕУ













              С     уреттеу  ұғымы.  Бір  заттан  яки  кѳріністен  болған

                    әсерлену, зат яки кѳрініс жоғалса, ол да, яғни әсерлену
              де  тоқтайды.  Бірақ  әсерлену  ѳзі  тоқтағанмен,  жоғалғанмен,
              оның  жанда  ізі  қалады.  Яғни  жанды  заттың  яки  кѳріністің
              суреті  қалады.  Мысалы,  біз  жаздыгүні  кѳрген  кемпірқосақты
              қыстыгүні суреттей аламыз.
                 Міне, осы заттың ѳзі бізге әсер беруден тоқтаған күңде де,
              біздің  ой  мен  жанымызда  сол  затты  тірілте  алуымыз,  сол
              заттың  суретін  кѳз  алдымызға  алып  келуіміз  суреттеу  деп
              аталады.
                 Суреттеу  мен  әсерлену  арасындағы  айырма.  Суреттеу
              мен әсерлену арасындағы айырмалар: 1) әсерленудің болуына
              жан да, дене де қатысады. Ал енді суреттеу – жалғыз жанның
              ғана  ісі;  2)  әсерлену  әсер  беріп  тұрған  зат  болса  болады.  Зат
              жоғалса,  тоқтайды.  Ал  енді  суреттеу  қайта  зат  жоғалса –
              болады; 3) суреттеудің күші әсерленудің күшінен кем болады.
              Мысалы, күн күркіреуді есту бар. Күн күркіреуді еске түсіріп,
              оймен  суреттеу  бар.  Күн  күркірін  ойлап,  суреттеп  отырғанда
              біз  естіп  отырғандағыдай  қорықпаймыз.  Ал  енді  егер


                                          71
   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80