Page 79 - Педагогика
P. 79
ЖАҚЫНДЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫ
Б ір уақытта яки бірінің артынан бірі болған әсерленулерді
біз бір байлам қылып тастаймыз. Яғни сол бір уақытта
яки бірінің артынан бірі болған әсерленулердің біреуін
суреттегенде, сонымен бірге байланған әсерленулер ѳздері
келіп суреттеледі. Жақындық ассоциациясы дегеніміз осы.
Жақындық ассоциациясы екі түрлі болады: 1) орында бірлік
ассоциациясы һәм 2) уақытта бірлік ассоциациясы.
Орында бірлік ассоциациясы. Біз бір затты суреттесек,
сол заттың жаныңда тұрған басқа заттарды да суреттемей
қоймаймыз. Мысалы, біз киіз үйдің оң жақ босағасында тұрған
кебежені суреттесек, соның жаныңда тұрған қазан, ошақ,
шелек, астау ѳздері ана кебежеге еріп келіп суреттеледі.
Балада осы орында бірлік ассоциациясы күшті болады.
Мұның себебі бала басқа сыртқы сезім құралдарына қарағанда
кѳзді кѳп жұмсайды. Балаға не нәрсе үйретсең де, кѳрсетіп
(наглядно) үйрету керек екендігі осыдан. Балаға берілетін
кітаптың ірі харіппен басылуы және осыдан. Орында бірлік
ассоциациясы балаға, әсіресе жағрафия оқығанда кѳп кѳмек
кѳрсетеді. Картадан бала бір жерді атаса, соның жанындағы
екінші жер кѳз алдына елестей қалады.
75