Page 83 - Педагогика
P. 83
ЕС ( ЗЕЙІН )
Е с һәм еске түсіру. Суреттеулерді жанның жоғалтпай
сақтай білуі ес деп аталады. Ал енді сақталып тұрған
суреттеулерді бұрынғы түрі, бұрынғы ретімен жанның тірілтіп
алып келе білуі еске түсіру деп аталады.
Әр адамның есі әр түрлі. Кейбіреулер тез алып, яғни тез
жаттап алып, тез ұмытады. Кейбіреулер шабан алады, бірақ
тез ұмытпайды. Кейбіреулер тез алады, сонда да ұмытпайды.
Адамның білімді болуына, әрине, естің осы тѳртінші түрі, онан
соң үшінші түрі пайдалы.
Адамның есі тағы тѳмендегі түрлерге бѳлінеді:
1) Кѳру есі. Кѳру есі күшті адам нәрсенің сыртқы түрін
есінде ұстап қалады. Мысалы, таныс адамдарының пішіні
есінде болады, аты, фамилиясы есінде болмайды. Яки бір
шәкірт бір пәннің бір жерінен жауап беріп тұрғанда сол пән
кітабының айтып тұрған сѳздер жазылған бетін кѳргендей
болады.
2) Есту есі. Есту есі күшті адам заттың дыбысын есінде
ұстампаз болады. Мысалы, кейбір адам таныс адамдарының
аты, фамилиясы, пішінін де ұмытып қалып, жалғыз даусын
ғана есінде ұстайтын болады. Яки кейбір шәкірт сабақты ѳзі
79