Page 78 - Педагогика
P. 78
СУРЕТТЕУ АССОЦИАЦИЯСЫ
Б іздің жанымызда сансыз кѳп суреттеулер бар. Осы
суреттеулер қанша кѳп болғанымен, біз оларды бір-
біріне араластырып, жанастырып алмаймыз. Мұның себебі біз
суреттеулерді байлам-байлам қылып байлаймыз да,
жанымыздың әр түкпіріне тастаймыз. Бізге бір байламның
ішіндегі бір суреттеу керек болса, біз сол суреттеулерді алып
келеміз. Бұл суреттеу анау ѳзімен бірге байлаулы тұрған
суреттеулерді бірге ала келеді. Міне, осы суреттеулерді бір-
біріне байлау суреттеулер ассоциациясы деп аталады. Бірақ
суреттеулерді беталдына бір-бірімен байлай беруге болмайды.
Байлаудың яғни ассоциацияның белгілі жолдары бар. Олар: 1)
жақындық ассоциациясы; 2) тұқымдастық ассоциациясы.
74