Page 76 - Педагогика
P. 76

суреттеудің  күші  әсерленудің  күшіне  жетсе,  ол  уақытта
        суреттеу  ауруға  айналады.  Аурулы  суреттеу  галлюцинация
        деп аталады.
           Галлюцинация – бізге ешбір әсер бермеген бір затты яки
        кѳріністі  суреттеу  деген  сѳз.  Бұл  адамның  миы,  жалпы  сау
        болмағандықтан  болады.  Мысалы,  ѳлген  адамды  кѳру,  жын,
        пері  кѳру,  әлдеқайдағы  бір  затты  кѳру,  жоқ  дауысты  есту
        сықылды. Қазақтың бақсы-балгері осы галлюцинация ауруына
        ұшырағандар ғой.
           Суреттеулердің  бѳлінуі.  Суреттеулер  ауданына  қарап
        екіге  бѳлінеді:  жалқы  суреттеу  һәм  жалпы  суреттеу.  Егер  біз
        жалқы  бір  затты  суреттесек,  жалқы  суреттеу  деп  аталады.
        Мысалы, Сәрсенбай деген бір жалқы адамды суреттеу болады.
        Ал  енді  біз  бір-біріне  ұқсас,  тұқымдас  кѳп  затты  суреттесек,
        жалпы  болады.  Мысалы,  жалпы  сиырды  суреттеу  жалпы
        суреттеу болып шығады.
           Суреттеулер  ішіне  қарап  тағы  екіге  бѳлінеді:  жабайы  һәм
        күрделі  суреттеулер.  Заттың  ѳзін  емес,  сынын  ғана  суреттеу
        жабайы  суреттеу  деп  аталады.  Мысалы,  қаралықты  яки
        қызылдықты  суреттеу  сықылды.  Ал  енді  затты  барлық
        сындарымен суреттеу күрделі суреттеу деп аталады. Мысалы,
        қара сиыр, жирен атты суреттеулер сықылды.
           Баланың суреттеулері. Бір затты дұрыс суреттей алу үшін
        сол  заттан  адам  жанында  кѳп  әсерлену  болу  шарт.  Егер  бір
        заттан  бірлі-жарым  ғана  әсерлену  болса,  ол  уақытта  заттың
        барлық  сыны  жанда  қалмайды.  Баланың  әсерленулері  әлсіз.
        Бұл – бір. Сыртқы заттармен бала жаңа танысып келеді, яғни
        балада  әсерлену  әлі  кѳп  болған  жоқ.  Бұл –  екі.  Міне,  осы
        себептерден  бастапқы  кезде  баланың  суреттеулері  дұрыс
        болмайды.  Жас  балада  бір  заттан  әсерлену  болғанда,  заттан
        түгел  әсерлену  емес,  сол  заттың  бір  балаға  жат  кѳрінген
        сынынан ғана болады. Мысалы, бала қанттан әсерлену алғанда
        қантты қатты ақ зат деп емес, тура тәтті бір зат деп қана біледі.


                                     72
   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81